Облыс әкімі «Көлтоған» су қоймасының жұмысымен танысты

444991282 752752663712647 430743269049295033 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барып, «Көлтоған» су қоймасының жағдайын көрді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы облыстағы су қоймаларының жұмысымен, көрсеткіштерімен танысып, бірқатар тапсырма жүктеді.

-Қоймаларға келген су жеткілікті. Вегетациялық кезеңде суды дұрыс пайдалану үшін бірлескен жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылуы керек. Ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс. Өздеріңізге белгілі, «Көлтоған» су қоймасы апатты жағдайда, күрделі жөндеуді қажет етеді. Бөгеттің ұзындығы 1500 метр, оның 900 метрінің бетон еңістігінің (откос) төменгі жағы сумен шайылып, бетоны сынуда. Жоба-сметалық құжаттама әзірлеу қажет, – деді облыс әкімі НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

«Көлтоған» су қоймасы Жаңақорған ауданы «Бірлік» елді мекенінің жанында орналасқан, 1929 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ауданы 52 гектар, қорғаныс бөгетінің ұзындығы 1,5 шақырым. Қойманың жобалық сыйымдылығы 4 млн. текше метр, қазір 3,5 млн. текше метр су бар, яғни 87,5 пайыз толған. Бүгінгі күнге су тасқыны қаупі жоқ.

Аталған су қоймасы «Бірлік» ауылының 250 гектар үйіргелік жерлерін, жеміс, бау-бақшасын және саялы ағаштарын суландырады. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ететін жалғыз су көзі. Таудың ортасында орналасқан бетон тоспа (плотина), темірбетонды лоток каналы және ескі арна арқылы қар мен жаңбыр суынан жиналады. Артық су арнамен «Шұқырой» көліне тасталады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар