Облыс әкімі жедел мәжіліс өткізді

437381786 729089792745601 5873894402545172851 n

Қызылорда облысы аумағында мемлекеттік бағдарламалар, ұлттық жобалар және инвесторлар демеушілігімен бой көтерген жаңа нысандардың қатары көп, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс сатысындағы нысандар мен жолдардың сапасына қатысты арнайы жедел мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

«Ел игілігіне қызмет ететін нысандардың құрылыс сапасына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сала басшылары өзіне қатысты әр жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауда ұстауы қажет. Арнайы комиссия жіберіп тексеретін боламыз. Қажет болған жағдайда, жұмысты уақытылы аяқтамаған мердігер мекемеге шара көру керек. Бұған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар басшыларымен қатар аудан әкімдері де тікелей жауапты. Басталған құрылыс жұмыстарын тиянақты орындап, мерзімінде пайдалануға беруді тапсырамын», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылорда қаласындағы, аудандар мен барлық елді мекендегі мекемелердің сырт келбеті таза, заманауи талапқа сай болуы керек екенін ескертіп, олардың айналасын көгалдандыру міндетін жүктеді.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар