Облыс әкімі Бесарық ауылының даму барысымен танысты

447744137 760431982944715 5445910608334872485 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, Бесарық ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысымен бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпазы атанған еді.

Қазір бірқатар игі жобалар жүзеге асуда. Спорт кешенінің құрылысы 2022 жылы басталды. Жобаның жалпы құны – 389,2 млн. теңге.

Ауыл халқының спортпен тұрақты шұғылдануына оңтайлы мүмкіндік жасайтын нысан құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС салуда. Бүгінде ішкі жұмыстары жүргізіліп, спорттық құрылғылар орнатылуда. Нысан биыл пайдалануға берілмек.

Аймақ басшысы аудан әкімі Берік Сәрменбаевқа бірқатар тапсырма берді. Ауылда салынатын әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасын мұқият қадағалауды және тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын күнделікті бақылауды міндеттеді.

Айта кетейік, жыл басында Сырдария ауданының бюджеті 10,3 млрд. теңге болып бекітілсе, 4 айдың қорытындысымен 11,6 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің 65 пайызы әлеуметтік және инфрақұрылым салаларын дамытуға бағытталды. Жыл басынан қаңтар-сәуір айларында ауданның өнеркәсіп орындары 30,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 160 пайызды құраған. Негізгі капиталға 20 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,7 пайыз болды.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар