Облыс әкімі Қызылорда қаласы аумағындағы бірқатар нысанды аралады

441495991 740952791559301 6267506458611211690 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы аумағындағы бірқатар нысанды аралап, жұмыс барысын көрді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ең алдымен «Болат Өтемұратов қорының» қолдауымен салынған «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалына барды. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған залдар, CIP-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимараттың сыйымдылығы – 250 адам, төлқұжат бақылайтын 10 кабина қызмет етеді. Нысан таяуда ел игілігіне табысталмақ. Жобаға бағытталған 20 млрд теңгенің 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд 300 млн теңге қаржысы инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, телефон және кәріз, желілерін, автожол жүргізуге жұмсалды.

Қазір әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылуда. Осы аумаққа 615 шаршы метр гранит жабыны, 16,2 шаршы метр асфальт, 4038 шаршы метр кеспе тас және 3630 шаршы метр қиыршық тас төселетін болады. «Қызылорда қаласындағы әуежайдың іргелес аумағын абаттандыру құрылысы» жобасына 634 050 млн теңге бөлініп, 4 жолақты, ұзындығы 480 метр, әр жолақтың ені 3,5 метр болатын жол салынуда.

Әрі қарай облыс әкімі «Қызылорда су торабындағы» су шаруашылығы жағдайымен танысты. Тораптың су өткізу қабілеті – секундына 1200 текше метр, жобалық алаңы – 120 мың гектар. Қазіргі уақытта вегетациялық кезеңнің басталуына орай облыс аумағындағы каналдар арқылы егіс алқаптарына су берілуде. Сәуірдің 20-нан күріш себу, суға бастыру жұмыстары басталды. Бүгінде облыс бойынша 27 мың гектарға күріш себіліп, оның 19,5 гектары суға бастырылды. Каналдарды сумен қамтамасыз ету жоспарлы түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар аймақ басшысы жаңа жылу-электр орталығының құрылыс алаңына барды. Инвестор қолдауымен бой көтерген орталықтың қуаттылығы – 240 МВт, бас мердігері – «Интер таско» ЖШС.

Нысандарды аралау қорытындысында облыс әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, алдағы міндеттерді айқындады.

«Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Халық игілігіне арналған жаңа ғимараттар бой көтерді. Ең бастысы құрылысты сапалы етіп салып, уақытылы аяқтау қажет.

Қазіргі күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі – егін алқаптарын сумен қамтамасыз ету. Суармалы жердің көлемін, егілетін дақылдардың түрін, суару нормаларын сақтау қажет. Суды үнемдеп пайдалану және егін егу талаптары назардан тыс қалмауы тиіс», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

 

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар