Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал талқыланған мәжіліс өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жауапты басқарма, департамент басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
Жиында тұрғындар жиі көтеретін өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Мәжіліс қорытындысымен аймақ басшысы құзырлы органдарға бірқатар тапсырма берді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі