460421228 937999248365712 2604491655835010002 nplaceholder

Өнеркәсіптік нысандарды тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңызы жоғары

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бастаған Халықтық штаб өкілдері Dalatex тігін фабрикасында болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен өнеркәсіптік нысандарды тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңызын талқылады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Электрмен жабдықтау проблемасы – барлық өңірге ортақ. Энергия жетіспеушілігі жаңа өндіріс орындарының құрылуын тежейді. Қызылорда облысында соңғы екі жылда электр энергия тұтыну көлемі артқаны байқалады. Өңірде ондаған тұрғын-үй, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар іске қосылды. Бұл желідегі электр қуатының 23%-ға төмендеуіне әкеліп соқтырды. Атом электр станциясы осы мәселені шеше алады. Қолданыстағы ЖЭО-мен салыстырғанда оның артықшылығы әлдеқайда жоғары екендігін жеткізді спикерлер.

Электр қуатының тапшылығы кәсіпорын жұмысын қаншама шығынға соқтыратындығын айтқан ұжым мүшелері Президент бастамасын бір ауздан қолдайтындықтарын айтты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать − 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар