Наурыз мейрамында 20-ға жуық киіз үй тігіледі

fullimage1

Наурыз – ұлы далада сан ғасыр бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке. Жер дүние жаңарып, күн мен түн теңелетін айтулы күнді Сыр жұртшылығы да аттандап атап өтпек ниетте. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов қаладағы Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылатын негізгі іс-шаралар туралы сөз етті.

– Наурыз – бірлік пен бауырластықты, татулық пен ынтымақтастықты дәріптейтін мейрам. Қазақ халқының ең жақсы көретін әрі ерекше күтетін мейрамында қала әкімдігі тарапынан 150-ге жуық мерекелік, спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. Мәселен, «Ынтымақ» күні деп бекітілген 21 наурызда қалаға қарасты 2 кент пен 7 ауылдық округте Ұлыстың ұлы күні аталып өтеді. Сонымен қатар, дәл осы күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала концерт ұйымдастырылады. Ал, негізгі шара 22 наурыз күні облыс орталығында тойланады. Нақтырақ айтқанда, «Өнер орталығы» жанындағы «Тараз» көшесіне «Руханият ауылы», «Ұстаздар ауылы», «Ақындар ауылы», «Денсаулық ауылы» деген секілді түрлі атаулармен 20-ға жуық киіз үй тігіледі. Әр киіз үйде қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары дәріптеліп, ұлттық көріністер халықтың назарына ұсынылатын болады. Одан бөлек, 22 наурызда Тасбөгет кенті мен сол жақ жағалауда, Ы.Жақаев көшесі, яғни, Студенттер сарайының алды мен Тағзым алаңында «Наурыз» мейрамы тойланады. Бұл күнгі мерекелік шаралар сағат 10:00-ден бастап кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасатын болады, – деді ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ЖАҒЫПАР ТАЖМАХАНОВ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 + 11 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка