463422646 843799377941308 1390262240484364336 nplaceholder

Н. Нәлібаев: «Құрылыс барысындағы кемшіліктерді мердігер мекемелер қалпына келтіруі керек»

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы құрылыс жұмыстарының барысына қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне, мердігер мекеме басшылығына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Cоңғы он жылда Қызылорда облысында 750 млрд. теңгеге жуық қаржыға мыңнан астам нысан салынып, пайдалануға берілген.

Өткен аптада облысымызға келген арнайы жұмыс тобымен бірлесіп, Қызылорда қаласы және аудандарда соңғы 20 жылда пайдалануға берілген құрылыс нысандарының жай-күйін зерделенді. Арнайы жұмыс тобы мыңдаған нысанды түгел қамти алмады, себебі аз ғана уақытта толығымен қарап шығу мүмкін емес.

Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері, мердігер мекемелермен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді заң аясында шұғыл қалпына келтіріңіздер.

Жауапты сала басшылары, нысандардың сапалы салынуын, белгіленген мерзімде ел игілігіне табысталуын, техникалық және авторлық қадағалаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алыңыздар», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сонымен қатар, жиында аймақ басшысы құрылыстағы кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіру туралы тапсырма орындалмаған жағдайда арнайы құрылған жұмыс тобының қарауына ұсынылатынын жеткізді. Бұл тек ғимараттар құрылысына қатысты емес. Жол құрылысы, газ, жылу, жарық желілерін тарту жұмыстарының да сапасы тексерілетін болады.

Облыс әкімі барлық тапсырма 1 желтоқсанға дейін орындалуы керектігін ескертті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар