Жүк автокөлігінің артқы дөңгелектері жанған. Құтқарушылар өртті сөндірді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
“Бүгін Жаңаөзен қаласының аумағында облыстық маңызы бар “Жаңаөзен қ. – Жетібай к.” автожолының учаскесінде жүк автокөлігінің артқы дөңгелектері жанды. Машинада мұнай тиелгені белгілі болды”, – деп жазды ТЖМ телеграм арнасы.
Өртсөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр. Құтқарушылар автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертті.