Мүгедек балаларға мерзімі өтіп кеткен азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер берілген

dC4sKgdPYJw0rarGgWAi3dVQAXuqen

Прокуратура мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын білім ордасындағы заңсыздықтарды анықтады. «Арнайы кәсіптік колледжде» 80 адамның құқығы өрескел бұзылған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы «Арнайы кәсіптік колледж» – еліміздегі жалғыз мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған мекеме. Аталмыш білім ордасында колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұзып келген. Яғни, ерекше студенттерді тиісті мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етпеген.

– Сапасыз білім берудегі бұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды, деп ақпарат таратты ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ.

Сонымен қатар, мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен медициналық препараттар ұсынылған. Прокуратураның мәліметінше, медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау деректерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған.

Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында Түркістан облысының прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать − три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар