Мемлекеттік қызметкерлер көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын әктеп сырлауға міндетті ма?

1589558667 1525412452 km azalyda

Қызылорда облысы Қазалы ауданында үлкен дау шықты. Әлеуметтік желілерде Әйтеке би кентінің әкімінің білім бөліміне берген тапсырма құжаттары тарады. Онда шенеунік мектеп директорлары мен басқа да мемлекеттік мекемелерге көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстарын өз қаражаттарына жасауды тапсырған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 05 17 at 23.26.24

Құжатта Қазалы ауданының әкімінің орынбасары Ж. Сүйеубаевтың кенттегі көп қабатты үйлерге жүргізілетін жөндеу жұмыстарына мектеп директорлары жауапты деп көрсетілген.

WhatsApp Image 2024 05 17 at 23.26.24 1

Тізімге сәйкес мектеп қызметкерлері үйлердің сыртқы қабырғаларын әктеп, сырлау және қажеттілігіне қарай іргетасын да сырлау керек екен. Барлығы 33 көпқабатты үйге жөндеуге қажетті материалдар мен құрал-саймандарды тізімде бекітілген жауапты мектептердің өздері тарапынан қамтамасыз етілуі қажет деп ашық жазылған.

WhatsApp Image 2024 05 17 at 23.26.25

Шенеуніктердің бұл бұйрық-тапсырмасы қазалылықтардың ашу ызасын тудырды. Әлеуметтік желілерде тұрғындардың бұл бассыздықты тоқтату керек деген пікірлер жазуда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар