Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға үлес қосқан қармақшылықтар еңбек ақыларын ала алмай жүр

WhatsApp Image 2023 12 27 at 19.54.19 1

Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген сексеуіл тұқымын жинаған Қармақшы ауданының тұрғындары бір жыл бойы жалданған ақыларын толық ала алмай жүр. Теңіз табанына сексеуіл ағашын егу жұмыстарын президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын, деп хабарлады «Азаттық ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 12 27 at 19.54.19 2

Өткен жылы Арал теңізінің құрғаған табанына егілетін сексеуілдің тұқымы Қармақшының аумағынан жиналады дегенде тұрғындар қатты қуанған. Әсіресе жұмыссыз жүрген жастар білек сыбанып бірден іске кірісіпті. Өйткені «орман селекциялық тұқым өсіру» орталығындағылар жиналған тұқымның келісіне екі мың теңге төленеді деген еді дейді көпшілік. Соған сенген азаматтар бір айға жетпейтін уақытта 130 тоннадан аса тұқым жинағандарын айтады. Бірақ орталық соның 79 тоннасының ақысын төлемей қойды деп отыр.

WhatsApp Image 2023 12 27 at 19.54.20

«Менің өзім несиеге ақша алып осы тұқымды қабылдағанмын. Әлі күнге дейін несиесін төлеп отырмын. Менің өзімнің артымда 40-50 адам бар. Олардың да еңбегі ғой.  Жалпы 700-дей адам бар ақшасын ала алмай жүген. Үйге кіре алмай отырмын. Барлығы ақшасын талап етеді» – дейді ҒАЛЫМЖАН ҚИЯСОВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Ал ақысы төленбесе де артығымен жиналған 79 тонна тұқым теңіз табанына егіліпті. Көпшілікті ашындырып отырған да осы. Тіпті Экология министрлігі өкілдерінің «тұрғындардың еңбегіне қарай төлем жасаңдар» деген тапсырмасы әлі күнге дейін орындалмады дейді салы суға кеткен халық.

WhatsApp Image 2023 12 27 at 19.54.20 1

 «Жұрттың еңбегі далаға кетпесі үшін орман шаруашылықтарымен келісіп, тұқымды апарып Аралдың ұлтанына егіп тастадық. Оның 20 тоннасын Қазалының лесхозы екті. 50 тоннасын Қармақшының лесхозы екті. Ауданның әкімі бірнеше рет уәде берді. Ол экология министріне барамын деді. Сонымен ол шеше алмады», – дейді ӘБЕН НҰРҒАЛИЕВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

WhatsApp Image 2023 12 27 at 19.54.20 2

Ал сексеуіл тұқымын теңізге себу жұмыстарына жауапты болған орман шаруашылығы мекемесінің басшысы тұқым жинаушылар жұмысты артығымен орындағанын жасырмайды. Бірақ ақшаны басқа орталық төлеу керек деп өздеріне шаң жуытпады.

WhatsApp Image 2023 12 27 at 19.54.19

«Бөлінген қаржысынан артық жиналып тұр. Енді мына кісілердің ақшасын төлейік десек, 23 жылға қарастырылмаған деп тұр да. Экономнан береміз деп бұл кісілерге осы уақытқа дейін айтып келді. Экономнан да төленбей қалып тұр енді. Селекциялық орман өсіру мекемесі бар. Сонымен о баста келісімшартқа отырған. Енді сол мекемемен соттасады енді» – деп жауап берді АБАЙ БЕКБЕРГЕН, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ.

Аудан әкімдігіндегілер де тұрғындардың мәселесін шешуге қауқарсызбыз деп басын ала қашты. Айта кетейік, 2022-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл ағашын егу жұмыстарын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған. Сондықтан президент тапсырмасын орындауға үлес қосқан тұрғындар адал еңбектерінің ақысын алу үшін енді сотқа жүгінбек.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар