Жантүршілгерлік оқиғадан 10 адам қаза тапқан.
Қазіргі уақытта полиция құрбандардың жеке басын анықтауда. Зардап шеккендердің жалпы саны әлі белгісіз.
Аталған жағдайға байланысты Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон пікір білдірді. Оның сөзінше, Эребрудағы мектепте болған атыс оқиғасы ел тарихындағы ең қатыгез жаппай атыс.
«Бүгін біз жазықсыз адамдарға қарсы қатыгездік пен өлімге әкелетін зорлық-зомбылықтың куәсі болдық. Бұл Швеция тарихындағы ең қатыгез жаппай атыс», — деді Кристерссон.
Швеция королі Карл XVI Густав та қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Король полицияға, құтқару қызметтеріне және дәрігерлерге адамдардың өмірін сақтап қалуға атсалысқаны үшін алғыс айтты.