«MANSAP NAVIGATOR 1.0» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

afd36c8e ad82 4a54 b455 3fceaac4bb34

Қызылордада студент түлектерге жұмыс берушілер тарапынан 200 бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасындағы еркін диалог алаңын қалыптастыру. Аталған жәрмеңке дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарымен таныстып, жұмысқа орналаса алады. Өткен жылы өткізілген жәрмеңке қорытындысымен университет түлектерінің 98 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы, Ректор – Б.Кәрімова іс-шараға келген жұмыс берушілерге алғыс айтып, студент түлектерге мансап жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтады.

Содан соң, мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Е.Мендалиев мемлекеттік қызметке орналасу туралы ақпараттар беріп, жұмысқа қабылдау барысындағы талаптары және бос жұмыс орындарын айтып өтті.

Шараға 30-дан аса мемлекеттік және жеке меншік мекеме ұйымдарының өкілдерімен 600-ге жуық студент түлектер қатысты. Жұмыс берушілер тарапынан 200-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге келген жұмыс берушілер бітіруші түлектермен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтындықтары айтылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар