453650652 2057062591355909 6586025543461851757 nplaceholder

М.Ералиеваның 70 жылдығына арналған республикалық конкурс өтті

Қазақтың Ақбаяны атанған Мадина Ералиева ән әлемінде ерекше із қалдырған тамаша дауыс иесі. Оның репертуары лирикаға, шексіз махаббатқа толы болды. Талант иесі биыл көзі тірі болғанда 70 жастың желкенін керетін еді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

“Орнында бар оңалар”,- дейді дана қазақ. Бүгін әншінің құрметіне арналған “Қазақтың Ақбаяны” атты тұңғыш республикалық әншілер байқауы түндігін түрді. Ән сайысына Қазақстанның әр өңірінен көмейіне бұлбұл ұя салған 15 жас әнші қатысты. Олар екі кезең бойынша сынға түсіп, сахна көркін қыздырды. Жас әншілерге Қазақ эстрадасында өзіндік орны қалыптасқан әншілер төрелік етті.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі lll орынды Дариға Саттарова (Астана қаласы),Қарақат Базарбай (Қызылорда облысы), ll орынды Дулат Жасұзақ (Жамбыл облысы) және l орынды Мадина Қабдолла (Павлодар облысы) иеленсе, Бас жүлдені Асыл Жомартов (Түркістан облысы) жеңіп алды. Жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, Қазалы ауданы әкімінің арнайы жүлдесі «Туған жер» номинациясы әншінің жерлесі Рахымжан Мақсатбаевқа ( Қазалы ауданы) табысталса, «Ақбаян» номинациясын Айбек Абдыашимұлы (Ұлытау облысы) иеленді.

Артында өшпес із қалдырған “Қазақтың Ақбаяны” ел жадында мәңгі жаңғыра бермек.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

15 − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар