Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда өткен Қызылорда облысының өнер күндеріне атсалысқан өнерпаздармен кездесуде мәдениет қызметкерлеріне арнап 50 пәтерлік тұрғын үй салу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Тұрғын үй келесі жылдың мамыр айында мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде табысталуы қажет.
Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де Сыр өнерін паш ететін ауқымды концерттер ұйымдастырылады. Н.Бекежанов атындағы облыстық академиялық- музыкалық драма театрының 70 жылдығына арналған ауқымды іс-шараларды да осы бастан жоспарлап жүйелеу керек. Сала қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдаған облыс әкімі барлық бастамаға қолдау көрсетілетінін жеткізді.