Қызылордада заманауи Қан орталығы ел игілігіне табысталмақ

448055074 762100429444537 5798328783615768198 n

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сол жағалаудағы жаңа Қан орталығы пайдалануға беріліп, медицина ұйымдарына 50 санитарлық автокөлік табысталады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қаралды. Ұзақ мерзімді тұжырымдамаға жаңа нысандар салу, ескірген ғимараттарды қайта жаңғырту, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау мәселелері енгізілген.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіруде қолға алынған, жоспарланған жұмыстарға тоқталды.

«Қазір аймақта тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, сала инфрақұрылымын жетілдіру кешенді жүргізілуде. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Қалған 11 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне табысталады. Жақын күндері ұлттық жоба аясында Шиелі ауданында 30 төсектік инфекциялық бөлімше құрылысы басталады. Барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 санитарлық автокөлік алынуда. Осы кезге дейін облыстық Қан орталығының жеке ғимараты болмаған. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сол жағалаудағы жаңа Қан орталығын пайдалануға беріп, медицина ұйымдарына 50 санитарлық автокөлік табыстаймыз», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы жауапты мекеме басшыларына құрылысы қолға алынған, қайта жаңғыртудан, күрделі жөндеуден өтетін нысандардағы жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды тапсырды. Нысандар ең алдымен халыққа ыңғайлы, жайлы болуы тиіс. Мұнан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жаңадан пайдалануға берілетін мекемелерді заманауи, қажетті құрылғылармен толық қамтамасыз ету тапсырылды.

Еске салсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының Досан ауылында жаңа медициналық бекет, Баймұрат батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық аурухана құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқын алды. Биыл 3 млрд. 800 млн. теңгеге 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Сондай-ақ, өткен жылы облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына 513 млн. теңгеге 25 жаңа санитарлық автокөлік берілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать + 12 =

Өткізіп алмаңыз

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ БЕСТАМ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының Бестам ауылында 150 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті. Оған жауапты құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ…

Azattyq-news Azattyq-news

МАЙТАЛМАН МАМАНДАР МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Түрлі сала қызметкерлерін марапаттау салтанатына арналған шараға қала әкімі Нұржан Ахатов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев…

Azattyq-news Azattyq-news

СЫРДАРИЯДА РАСУЛ ӘБУТӘЛІПҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Сырдария ауданында елге еңбегі сіңген тұлға, ауданның «Құрметті азаматы» Есенов Расул Әбутәліпұлының есімін ұлықтауға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өз бастауын алды. Дәстүрлі жарыс 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып…

Azattyq-news Azattyq-news

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢІНЕН АТАП ӨТІЛДІ

Сырдария ауданының тарихында өзіндік орны бар Сәкен Сейфуллин ауылы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Ауылдың жарты ғасырлық тарихына тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерін саралаған бұл мерекелік шара ауыл халқы үшін…

Azattyq-news Azattyq-news
Ауа райы
-1°C
Кызылорда
пасмурно
-1° _ -1°
86%
4 km/h
Пт
-2 °C
Сб
3 °C
Вс
6 °C
Пн
-0 °C
Вт
3 °C

Әлеуметтік желілер

Қызылордада заманауи Қан орталығы ел игілігіне табысталмақ