Қызылордада сотталған азамат заңды некеге тұрды

neke swret

Қызылорда бас бостандығынан айырылған азамат сүйіктісімен неке қидырды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ер азамат облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінле ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-тармағымен бір жылға сотталған. Жуырда мекеме заңгерінен құқықтық кеңес алған ол неке қидырғысы келетінін айтып, өтініш жазған. Осылайша АХАЖ бөлімінен маман келіп, сотталған азамат пен оның қалыңдығына неке қию туралы куәлікті табыстады.

АХАЖ бөлімі мамандарының сөзінше, мұндай жағдай бірінше рет емес, ҚАЖ мекемелерінде неке қию рәсімі бұған дейін де өткен.

Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес, сотталғандардың да неке қиюға құқы бар. Некесін қидырып,отбасылы болған жазасын өтеуші азамат жауапкершілікті сезініп,түзелу жолына түсіп, отбасына тезірек оралуға тырысады.Бүгін некесін қиған азамат та өзін жақсы жағынан көрсетіп , тәртібі жақсы болып, отбасына тезірек оралатыны на сенім артамыз.Жыл басынан екінші азамат отбасын құрып жатыр ,- дейді мекеме заңгері ЖАЛҒАС ЕСМАХАНОВ.

Бүгін мен үшін қуанышты күн. Темір торда жазамды өтеп жатсам да отбасын құрдым.Бақыттымын. Әрине, істеген ісіме өкінем, енді оны қайталамауға тырысамын, ол маған өмірлік сабақ болды, – дейді СОТТАЛҒАН.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар