Қызылордада мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

432462051 710118374642743 2137000446933482857 n

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Сыр жұртшылығына ауызашар берілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиынға облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, барлық ауданнан келген ардагерлер, еңбек адамдары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, бірлік пен береке, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын кезде жасаған дұғалардың қабыл болуына тілектестігін білдірді.

Ел ағалары Жарылқасын Шәріпов, Қорғанбек Қайруллаев, Ибрагим Әбибуллаев, Шәкизат Төребаев, Самұрат Имандосов, Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов және Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.

Ауызашарда Денсаулық сақтау ісінің үздігі Тұрғанбай Маханов ақ батасын берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев ғибратты уағыз айтып, аруақтарға құран бағыштады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар