Қызылордада экс-шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлеген

61cacd2ef2bb1736573726

Қызылорда облысында экс-шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

“Ол ұлының оқуына ақы төлеу және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар шенеунікке өңірдегі кәсіпорындарының белгіленген мөлшерде сұйытылған газ алуын шектеп, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген айып тағылған.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

15 − 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар