Қызылордада 242 жол-көлік оқиғасы тіркелді

5d837a3038202 1

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, осы жылдың 5 айында 242 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік апаттарының басым бөлігі – елді мекендерде орын алған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы санының көбеюіне – жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға жол беретін жүргізушілер тәртібінің төмендігі себеп болып отыр. Осыған сәйкес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

– ҚР Бас прокурорының төрағалығымен өткен құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырма аясында Қызылорда облысы әкімінің өкімімен жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, сондай-ақ жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Ведомствоаралық жұмысшы топ отырысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланып, хаттама негізінде облыс орталығының көше-жол тораптарының бойында орналасқан реттелмеген жаяу жүргінші өтпелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізушілердің назарын аудару мақсатында жаңа үлгідегі 40 проекционды жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Қазіргі таңда облыс бойынша уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құжаттарды рәсімдеудің 92,6 пайызы электронды форматта жүргізілуде. Сонымен қатар, 3830 тұлғаға қатысты медициналық куәландыруға электрондық жолданымдар жолданса, 595 ЖКО схемасы электронды форматта енгізілді.

Бұдан бөлек, біз уәкілетті орган ретінде мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, толықтығына қадағалауды жүзеге асырамыз, – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы АСХАТ ӘБІЛДАЕВ.

Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканың серпінді даму кепілі. Осы ретте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Тұрсынқожа Үсеновпен кәсіпкерлікті қорғау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен цифрлы технологияны дамыту мақсатында іске қосылған «Qamqor» ұялы қосымшасындағы QR код арқылы тексеруге қатысты нақты ақпаратты көруге мүмкіндік қарастырылғандығын атап өтті.

-Есепті мерзімде облыс бойынша барлығы 1319 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға төмендеген. Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 326 алаяқтық санатындағы қылмыстарды құраған. Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – интернет алаяқтық болса барлық тіркелген алаяқтық санатындағы қылмыстардың ішінде 95 интернет-алаяқтықтар болып табылады. Бұдан бөлек, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар 6,1 пайызға төмендеген, – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бөлім бастығының міндетін атқарушы ОЛЖАС ӘЛИЕВ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар