Қызылордада 18 жастағы балалар тонналап күріш ұрлаған

Қоймадан 110 қап күріш ұрлап жатқан 4 жігіт қылмыс үстінде қолға түсті. Олардың әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Оқиға бүгін түн ішінде болған. Жеке кәсіпкердің қоймасындағы құны 1 миллион теңгеден асатын өнімі қолды болған. Полицейлер күдікті ретінде 18 жастағы 4 жігітті ұстады.

– Күдіктілердің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қоймасынан  1 миллион 237 мың  теңгені құрайтын «Лидер» күрішін ұрлап жатқандығы бейнебақылау камерасына түсіп калған. Күдіктілер басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Қазір ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 − 10 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар