Қоймадан 110 қап күріш ұрлап жатқан 4 жігіт қылмыс үстінде қолға түсті. Олардың әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Оқиға бүгін түн ішінде болған. Жеке кәсіпкердің қоймасындағы құны 1 миллион теңгеден асатын өнімі қолды болған. Полицейлер күдікті ретінде 18 жастағы 4 жігітті ұстады.
– Күдіктілердің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қоймасынан 1 миллион 237 мың теңгені құрайтын «Лидер» күрішін ұрлап жатқандығы бейнебақылау камерасына түсіп калған. Күдіктілер басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.