Қызылорда облыстық мәслихатының жаңа төрағасы белгілі болды

439754721 734377355550178 6209533872669163712 n

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясы өтті. Сессияда ҚР Парламенті Сенатына сайланған Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлының мәслихат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Ал Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов қалыптасқан бос орынға 2023 жылдың 19 наурызынан бастап «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық тізіміне бірінші болып тіркелген Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлының жаңа депутат ретінде тіркелгенін хабарлады.

Сонымен бірге, сессияда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ашық дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарып келген Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы өздеріңіздің қолдауларыңызбен қызметін Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы ретінде жалғастыратын болады. Мұрат Жолкелдіұлы – 15 жылға жуық мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі басшы. Мұрат Жолкелдіұлына осы кезге дейін атқарған қызметіне алғыс білдіріп, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы болып сайлануымен құттықтаймын! Қазіргі әлемде болып жатқан дағдарыс пен елде қалыптасқан қиын кезеңде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды депутаттық корпуспен әрі қарай жандандырып, жүйелі түрде жүргізеді деп сенеміз. Алдағы уақытта бірлесіп атқарар жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Мұрат Тілеуімбетов Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшысы және басқа да жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Жаңақорған ауданында 2 жылдан аса қызмет етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлесін қосты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семь − 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар