Қытайлық кәсіпкер 73 миллион теңгеге алданып қалған

photo 113851

Қазақстандағы малдың ішек-қарнын сатып алып, содан деликатес жасаймын деген қытайлық азаматты алаяқтар сан соқтырып кетті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ван Ир Чанг есімді қытайлық наурыз айынан бері Шымкенттің полиция департаментіне шағым жазып, істің мән-жайын анықтауды сұраған.

Қытайлық кәсіпкер Алматыда үш жігітпен танысқан. Олар Шымкенттегі қасапханаларда таныстары барына сендіріп, 4 айдың ішінде «30 тонна тауар дайын болды» деп, 73 миллион теңге қаражат аудартқан.

«Қазақстаннан ішек-қарын алдырып, компания ашамын деп ойлағанмын. Әлгілер күнделікті видеомен хабарласып, қойма толы қырыққабат деп аталатын ішек-қарынды көрсеткен соң сеніп, ақша аударып отырдым. Наурыз айында тауарды көзбен көрмекке келсем, еш нәрсе жоқ», – дейді кәсіпкер Ван Ир Чанг.

Құқық қорғау қызметкерлері арыз түскеннен кейін күдіктілерді тауып, 756 қап мұздатылған ішек-қарынды тәркілеген. Күдіктілер істеген ісін мойындаған. Алайда айғақ ретінде алынған ішек-қарынды күдікке ілінгендерге қайта бере салыпты.

Жәбірленуші өзін алдағандардың жазбаларын алып Шымкенттегі полиция басшылары мен прокурорларға барған. Алайда нәтиже шығармапты.

“Құқықтық қатынастардың азаматтық аяда қаралуына байланысты қылмыстық істі тоқтату бойынша шешім қабылданды. Тергеудің ұшбуынды моделі аясында аталған шешім прокуратурамен келісілген”, – деп жауап берді Шымкент ПД ресми өкілі Бағлан Исатаева.

Шымкенттегі құқық қорғау орындарынан әділдік таппадым деген қытайлық азамат енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсіретінін айтты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар