Күйеуімен жанжалдан кейін мүгедек болып қалған азаматша әділдікке қол жеткізе алмай жүр

S4030001.MP4.Still005

Қызылорда қаласында тура бір жыл бұрын 23 жастағы Аруна Аманова жолдасымен ұрыс-керіс кезінде үшінші қабаттан құлап кеткен. Арунаның айтуынша сол күні ішіп келген күйеуі өзін ұрып-соғып жатқанда есінен танып қалған. Тіпті ес-түссіз жатқан мені биіктен лақтырып жіберген өзімнің жолдасым болуы мүмкін деп күдіктенеді. Алайда бұл жағдайға байланысты қозғалған қылмыстық іс бір жыл ішінде бірнеше рет тоқтатылған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.  

S4030001.MP4.Still008

Қазір аяққа тұра алмай, төсекке таңылған Аруна Аманова осы күйге түсуіне себеп болған күнді есіне алса, көңілі құлазиды. Айтуынша сол күні «майор» шеніндегі жолдасы түн ортасында мас болып келген. Басқа біреумен көңіл жарастырып жүр ме деп күдіктенген Аруна жолдасының телефонын тексергенін жасырмайды. Күдігі дәл келіп, бөтен сұлумен хат алмасып жүргені белгілі болған соң күйеуін таңға таяу оятып, сұрақтың астына алған. Ақыры қызғаныш қызыл отқа ұласып, жолдасы  бас салып ұрып-соға бастаған көрінеді.Тіпті қылқындырып жатқан сәтте есімнен танып қалдым дейді келіншек.

S4030001.MP4.Still004

– Ең соңғы есімде қалғаны мені қылқындырып жатқаны. Сосын көзімді ашсам, далада жерде оянам. Оянған кезімде жанымда бұрынғы жолдасым отыр екен. Неге секірдің, неге секірдің деп сұрай берді. Мен ішімнен ойлап жатырмын секіргені нес, мен вроде секірген жоқпын. Менің өзімнің ойымша, қылқындырып жатқан кезде талдырып қойып. Өліп қалды ма деп, терезеден лақтырып жіберді ме деп ойлаймын. – дейді АРУНА АМАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс бір жылда үш рет тоқтатылған. Тіпті бұрын полиция қызметкері болған Арунаның күйеуі күдікті ретінде тергеуге алынбаған екен.

S4030001.MP4.Still001

-Мен тергеумен келіспеймін. Бұның бәрін істеп отырған әкесі. Әкесі пенсияға шыққан осындай милиция қызметкері болып. Бәке, сәкемен бәрі шешіліп отыр. Қызылордада заң жоқ. – дейді НАЗЫМ ЖАҢАБЕРГЕНҚЫЗЫ, АРУНА АМАНОВАНЫҢ АНАСЫ.

Ал полиция департаментіндегілер тергеу мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылып келген дейді. Бірақ қазір өз-өзіне қол салуға жеткізу бабы бойынша сараптама жүргізіліп жатыр екен.

S4030001.MP4.Still009

-Қазіргі уақытта оның күдікті деген статусы жоқ. Көп кешенді сараптамалар тағайындалды. Бірақ уақыты бойынша сізге айтпайын. Осы жылдың бітуіне бір ай он күндей қалды ғой. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі бақылауға алды бұл қылмысты. Тез арада бітіріп, түпкілікті шешім қабылдауға тырысамыз. – дейді ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

S4030001.MP4.Still002

Арунаның экс-полиция күйеуі осы жағдайға байланысты тек қызметінен ғана босатылған. Анықталғаны үшінші қабаттан құлаған 23 жастағы келіншектің жұлынына зақым келген. Аяққа тұра алмайтындықтан мүгедек болып қалған. Келіншек бұл үшін жұбайын кешірмейтінін айтады. Сондықтан құзырлы органдардан әділ жаза беруді талап етеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 − семь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар