Көлік министрі «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту барысымен танысты

Жазира Бағланқызы
2 Min Read
451483166 783638757290704 4387063639126825157 nplaceholder

Көлік министрі «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту барысымен танысты

Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» жолы ұзақ жылдан бері күрмеуі шешілмей келген, халық арасында біраз талқыға салынған мәселелердің бірі еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған автомобиль жолы құрылысын бастауды және жолаушылар қатынасына қолайлы, сапалы етіп салуды тапсырған болатын.

Сыр өңірін еліміздің орталығымен байланыстыратын күре жолдың ұзындығы – 424 шақырым. Қызылорда облысының аумағындағы 216 шақырымның 140 шақырымы осы жылы аяқталады. Жоба құны – 108,5 млрд. теңге.

Бүгінде Ұлытау облысының аумағындағы сегіз учаскенің құрылысымен айналысатын төрт мердігер анықталған. Оларға биыл күзде жұмысқа кірісу міндеті қойылды.

Ал Қызылорда облысындағы учаскелерде құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Оған шетелдік және жергілікті компаниялар жұмылдырылған. Бес асфальтбетон зауыты мен алты арнайы ұсақтау қондырғысы жұмыс жасайды. Аймақтағы бес учаскеде құрылыс қарқынды. Мердігерлерге 140 шақырымды биыл аяқтау міндеттелді.

Бүгінде Қызылорда облысындағы жол учаскелеріне 120 шақырым жаңа асфальт төселді (төменгі қабат). Құрылысқа 900 маман және 450 арнайы техника жұмылдырылған.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысу барысында Көлік министрі М.Қарабаевтың қатысуымен арнайы мәжіліс өтті. Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А. Зебешев, Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы А. Абдуллин, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ төрағасы Д.Иманашев, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ж. Сыздықов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры Е. Жүнісов қатысты.

Сонымен қатар, кездесуде республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысы бағытындағы 566 шақырым бөлігін 4 жолақтыға (I-б техникалық санатқа) ауыстыру мәселесі қаралды. Жобалау-іздестіру жұмыстарын, техникалық-экономикалық негіздемесін, мердігерді осы жылы анықтау және жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың 4-тоқсанында бастау жоспарлануда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру