Ыза жерді паналауға мәжбүр мүгедек балалар

20230204 113325.jpg.Still002 scaled

“Даун синдромына” шалдыққан балалармен жұмыс жасайтын “Шуақты бөбек” Қоғамдық қоры ғимаратқа мұқтаж. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, ортаға бейімдеумен айналысатын қор қазіргі таңда жылуы мардымсыз, ыза екі бөлмеде отыр екен. Ерекше бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған жандар тоқ пешті қосып, ішті жылытудан басқа амалымыз жоқ дейді, деп хабарлайды “Azattyq-News” Ақпараттық агенттігі.

MVI 6394.MP4.Still001

“Шуақты бөбек” Қоғамдық қоры 2017 жылы “Даун синдромына” шалдыққан балалардың ата-аналарының бастамасымен құрылған. Бүгінде мұнда 130-дан астам отбасы бар. Олар бұл жерде мүгедек балаларды тәрбиелеу жайлы өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісіп отырады екен. Соңғы екі-үш айдан бері “Шуақты бөбек” Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты ғимараттарының бірінде отыр.

20230204 125503.mp4.Still001

– Кішкентай ғана жер, балаларға бір-бірімен ойын ойнатамыз. Аналар болып балаларымызға қандай ем керек, қай жаққа апару керек соның барлығы жайында сөйлесеміз, ақылдасамыз. Іште жылу жоқтың қасы. Жылытқыш қосып отырмыз, есік ашылса бітті жылудың барлығы кетіп қалады. – дейді ГҮЛМИРА СЫБАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

MVI 6525.MP4.Still001

Қоғамдық қордың құрылтайшылары болса шенеуніктердің есіктерін қағып келе жатқанымызға 5 жыл уақыт болды дейді. Жақында ғана облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хат келіпті. Ондағылар қорға ғимаратты тек аудандардан бере аламыз делінген екен.

20230204 125503.mp4.Still002

– Денсаулық сақтау басқармасы Жалағаш ауданынан, Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кенті, Жаңақорған аудандық ауруханасы деген жерлерде ғимараттар бос тұр дейді. Біз ауылдық жерлерге қалай барамыз? Біз мүмкіндігі шектеулі баланы жетектеп жүреміз, мектепке, балабақшаға апарсақ та. Қызылорда қаласынан неужели бір ғимарат табылмады?! – дейді СВЕТЛАНА ҚАМБАРОВА, “ШУАҚТЫ БӨБЕК” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ.

20230204 113325.jpg.Still003

Ерекше балалар әзірге әлеуметті бағдарламалар бөліміне қарасты ғимараттың екі бөлмесінде отыр. Ата-аналар ыза тепкен қабрғаларды жылыту мақсатында өздерімен бірге тоқ пешін әкеліпті. Атқа мінер басшыларға өтініш айтып шаршаған олар ең болмаса өңірдегі мецентатардар бір көмек болса деп армандайды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x