"Үздік әкім" өзіне артық айлық жаздырып келген

Screenshot 4

Жақында ғана “Azattyq-News” Ақпараттық агенттігі Жалағаш ауданындағы Жаңадария ауылының әкімі өзіне және жұмысшыларына артық жалақы жаздырғанын сөз еткен болатын. Басшының заңсыз әрекетінен мемлекетке 2 млн теңгедей шығын келтірілген еді. Енді міне жағдай екінші ауылда қайталанып отыр.

Бұл жолы Жалағаш ауданына қарасты Еңбек ауылының әкімі көзге түсті. Ауыл басшысы әкімдіктің қызметкерлеріне барлығы 1 млн 983 мың теңге негіссіз ақша аударымын жасапты. Жұмысшылар еңбекақыдан алдын ала төлем алып отырған көрінеді. Алайда айлық толық алған кезде бұл сомалар шегерілмеген. Осылайша шенділер өздеріне сыйақы жасаған сынайлы.

Тексеру жүргізген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Еңбек ауылдық округі әкімі Қ.Қалдановтың әрекетінде шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке немесе заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету түріндегі тәртіптік теріс қылықтардың белгілері байқалатындығын сөз етті.

Айта кетейік, Еңбек ауылдық округының әкімі Қайрулла Қалданов тамыз айында Өңірлік комиссияның тұрғындар арасында жүргізген саулнамасы бойынша “Үздік ауыл әкімі” конкурсының жеңімпазы деп танылған еді.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x