Ұры табылмады. Қызылорда қаласындағы түрмеде аса ірі көлемде ұрлық жасалған

.mpg.Still003

Кәсіпкер Санат Шалболов ЗК 169/5 мекемеснің аумағындағы шағын зауыты тоналғанын, кесірінен бір сәтте тақырға отырғанын айтады. Оның сөзінше  миллиондаған қаражат тұратын жабдықтары қолды болған. Ең сорақысы, бұл қылмысқа кімнің барғанын құзырлы органдар әлі күнге анықтамады деп ашынады кәсіпкер, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

skhodny video.mpg.Still001

Санат Шалболов түрменің аумағынан 2017 жылы шағын зауыт ашқан. Мақсаты жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамту. Сондықтан блок шығаратын өндіріс орнында 20 шақты сотталушы жұмыс істеген. Бірақ осыдан екі жыл бұрын түрмеде болған басқа бір қылмыс бойынша тергеу басталды деп, құзырлы орган өкілдері зауытты уақытша жаптырыпты. Ол іс аяқталып, 2022 жылы өндіріс орнына қайта барғанымда өз көзіме өзім сенбедім дейді кәсіпкер.

.mpg.Still004

“Мына арадан основной центральный кабель кіру керек. Кабельді жұлып алған. Есігімен бірге, мынаның ішіндегі құжаттарымен бірге жоқ”, – дейді САНАТ ШАЛБОЛОВ, КӘСІПКЕР

Бас-аяғы 32 миллион теңгеге сатып алған жабдықтардан бөлек, блок шығаруға арналған шикізатымды да үптеп кеткен дейді Санат Шалболов. Ұры алыстан келмейді. Оның үстіне тірі жан не сыртқа, не ішке рұқсатсыз аттап баса алмайтын түрмедегі дәл осы қылмысқа кәсіпкер сол мекеменің қызметкерлерін кінәлап отыр.

.mpg.Still001

“Бұл жерде жазасын өтеушілер, әскерилер, сосын осы мекеменің қызметкерлері ғана бар. Әскерилер ала алмайды. Жазасын өтеушілерге оның не керегі бар? Демек, ешкімнің рұқсатынсыз осында кіріп-шыға алатын түрменің қызметкерлерінен күдектенемін. Ал бұл жайлы қазірге дейін құзырлы органдардың барлығына 20-дай арыз жолдадым. Бәрі бір-біріне сілтеп отыр” – дейді САНАТ ШАЛБОЛОВ, КӘСІПКЕР

skhodny video.mpg.Still002

Ең сорақысы өндіріс орнындағы жабдықтардың қолды болғанына жылдан асса да, бұл іске күдіктілер әлі анықталмады деп ашулы кәсіпкер. Ал түрме басшысы өзінің қызметке жақында ғана келгенін айтады.

.mpg.Still002

 “ЖШС “EST-Kzo” бойынша бейхабармын. Қазіргі таңда арыздары бойынша құзырлы органдар айналысып жатыр. Жауабын солар береді” – деп жауап берді МАҚСҰТ ӨТЕТІЛЕУОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №60 ҚАУІПСІЗДІГІ АРАЛАС ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

skhodny video.mpg.Still003

Расымен кәсіпкердің мәселесін бұған дейін бірнеше құзырлы орган өкілдері тексеріп, неге екені белгісіз аяқсыз қалдырған екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұл істі 2022 жылы тоқтатқанын мәлімдеді. Бірақ қазір аса ірі мөлшердегі ұрлық дерегі бойынша тергеуді полицейлер қолға алған. Ал кәсіпкер Санат Шалболов осы қылмысқа қатысы бар барлық қызметкерлер жазасын алып, қолды болған заттарымды қайтарсын деп талап қойып отыр.

Автор: АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x