Теріс діни ағымдағы ақпарат таратқан қызылордалық сотталды

WhatsApp Image 2024 02 16 at 09.21.57

Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын облыс орталығының тұрғыны анықталды. 62 жастағы азамат әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, материалдар жариялап отырған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, ұсталған азаматқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

– Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды. Үкім заңды күшіне енді, деп жазды ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар