Тегін үйірмелер жабылмасын!

Бір топ Қызылордалық ата-ана бүгін облыс әкімдігіне жиналды.  Айтуларынша жақын арада өнер мектептеріндегі балаларға арналған тегін үйірмелер жабылуы мүмкін екен. Бюджеттен бөлінуге тиіс қаржының түспеуіне байланысты оқу орталықтары ұстаздарына екі ай жалақы да төлемепті. Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ержан Жеткерұлы өнер мектептеріне берілуге тиіс қаражаттың тоқтап тұрғанын растады. Бюджеттің мүмкіндігін сөз еткен шенеунік жобаның жалғасуына қосымша 2 миллиард теңге қаржы керек дейді.

Бөлісу:

4.5 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
3 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Жанна
Жанна
1 year ago

Көп балалы аналарға, жағдайы жоқ отбасыға керемет мүмкіндік бұл үйірме! Енді қалды біздің бүлдіршіндерге бөлінген ақшаны жемеңіздер! Балалар өссін, алар асулары көп болсын! Конкурстарға барсаңыздар, осы үйірме балдарының таланттарынан таң қаласыздар! Тегін үйірме тоқтамасын!

ЛЯЗЗАТ
ЛЯЗЗАТ
1 year ago

Құрметті облыс әкімі, мен Қапаева Ләззат Мұратханқызы #264 мектеп мұғалімі, ата -ана ретінде, сізден көмек балаларымыз осы art.sport-қа тегін уйірмелерге барғалы, ширақтығы ашылып, шахмат, дзюдо, ойлау қабілеттерін дамыта бастады… Енді, укімет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұйрығымен биылғы жыл*Бала жылы* деп жарияланды…сол себепті, бұл тегін уйірмелерге қаржылық комектеріңізді тоқтатпауыңызды өтініп сұраймын!!! Алла, барлығымызға жар болсын!!! Бала біздің болашағымыз!!!

Индира
Индира
1 year ago

Биыл балалар жылы дейды,қайда ол жыл.Неге балалардың жағдайы жасалынбайды.Неге тегін үйірмелер жұмыс жасамайды.

3
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x