Тасқын су қауіпі Қызылордаға төніп тұр

Snapsave.app 328711336 1282916102271937 8076727278436411929 n.mp4.Still001

Түркістан облысында бірнеше ауылды топаң су басқаны баршаға мәлім. Мамандар мұның барлығы ауа-райының күрт жылуынан дегенді айтады. Ендігі кезек Қызылорда облысында ма? Су шаруашылығының мамандары мұның барлығын алдын-алуға болатын еді дегенді айтады, деп хабарлайды “Azattyq-News” Ақпараттық агенттігі.

Snapsave.app 328711336 1282916102271937 8076727278436411929 n.mp4.Still002

Түркістан облысында су деңгейінің жоғарлауына байланысты Шардара су қоймасын толтыру мәселесі қаралып жатыр. Себебі алдағы күндері аймақта ауа-райы тағы да жылып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Су шаруашылығының мамандары бұл мәселені отыз жылдан бері көтеріп келе жатқандарын сөз етті. Шардарада келген тасқын суды алып кететін қашыртқы атауымен жоқ көрінеді.

Snapsave.app 328711336 1282916102271937 8076727278436411929 n.mp4.Still004

– Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Қызылорда облысының 2 милионға жуық халқы почти под порохом отыр. 2019 жылы қаншама комиссия құрылды, қанша жобалардын ретін келтіргенбіз. Бірақ олар қаралып жатқан жоқ. Қазір басымыз қатып жатыр суды қай жаққа жібереміз деп. Өбекстанға тастаймыз ба болмаса Қызылордаға жібереміз ба? Қызылордада мұз қатқан өзенде. Ол да суды көп қабылдай алмайды. – дейді ӨМІРБЕК БОЛЫСБЕКОВ, ИНЖЕНЕР-ГИДРОТЕХНИК.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x