Тасбөгеттіктер қала әкімдігінің шешіміне наразы

506 0001 01.MP4.Still006

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің тұрғындары жергілікті биліктің шешіміне наразылық білдірді. Айтуларынша 18 наурыздан бастап кентке келетін № 11 бағыттағы қоғамдық көліктің бағыты өзгерген екен. Осынының салдарынан Тасбөгеттіктер кенттің орталығына қатынай алмай қалыпты.

506 0001 01.MP4.Still007

Бір көшенің бойына жиналған Тасбөгеттіктердің бір талабы бар. Тұрғындар №11 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру сызбасының өзгергеніне қарсылық білдірді. Жаңа бағыт бойынша автобустар Тасбөгет кентінің орталығына бармай Саяхат мөлтек ауданына өтіп кетеді екен. Емхана, мектеп секілді нысандардың барлығы орталықта екенін ескерген жұрт басшылардың бұл шешімімен келіспейтіндерін жеткізді.

506 0001 01.MP4.Still003

– Балам бар ДЦП 14 жаста ол кеше поликлиникаға шақырылды қоларбада отырады. Амал жоқ таксимен барып келдік. 11 маршрутты орнына қоюларыңызды сұраймыз. Балаларымыз №176, 172 мектептерде оқиды. Қазір таксиді біреудің қалтасы көтерсе, біреудің қалтасы көтермейді. – дейді Айгүл Оңалбаева, Тасбөгет кентінің тұрғыны.

506 0001 01.MP4.Still002

– Абайдан бастап Тасбөгеттің ана шетіне дейін 10-15 көше бар. Сол 11 ғана осы жерде дейін келетін еді. Оны да алып тастады. Бұл не деген масқара? Жетілдік, байлығымыз тасыды дегендегі жеткен жеріміз осы ма?- дейді Батырбек Бөлегенов, Тасбөгет кентінің тұрғыны.

Тасбөгет кентінің әкімдігі болса бұл өзгерістерден бейхабар екенін жеткізді.

506 0001 01.MP4.Still001

– Қалалық әкімдіктің ұсынысы бойынша шамасы сызылған. Өйткені біз мұны білмей қалдық кент әкімдігі. Білгеннен кейін осы мәселені қайтадан көтердік қала әкімдігіне. Бүкіл әлеуметтік нысанның барлығы орталықта орналасқаны жөнінде ұсыныстарымызды айттық. – деді Жаппасбай Байқадамов, Тасбөгет кенті әкімінің міндетін атқарушы.

Қызылорда Автобус паркі де бұл өзгерістерге жауап бермейміз деп дөп басты.

506 0001 01.MP4.Still005

– Бізге акиматтың тарапынан бекітіліп берілген сызбамен жұмысымызды атқарып жатырмыз. Бізге қай уақытта айтылады, сол уақытта біз тоқтатамыз бұл бағытты. Біздің құзыреттілігімізге тек жолаушылар тасымалы жатады. – дейді Қанат Рахметов, “Қызылорда Автобус Паркі” ЖШС-нің  бөлім басшысы.

Бағыттың өзгеруіне өзіндік себептері бар дейді жауапты мамандар. Саяхат мөлтек ауданында қоғамдық көлік жоқ деген мәселені шенділер осылайша шешпек болыпты.

506 0001 01.MP4.Still004

– Бұрын Саяхатқа қатынайтын №19 бағыт қазір автобустардың тапшылығына байланысты азайып кетті. Вообще жоқ. Конкурсқа бердік бұл бағытты, конкурс аяқталғанға дейін нақыт тасымалдаушы анықталғанға дейін 11 бағыттың сызбасын уақытша сол Саяхатқа өзгертілген болатын. Бұл уақытша нәрсе – дейді Мейірхан Бақытжанұлы, Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы.

506 0001 01.MP4.Still008

Мұның барлығы уақытша деген мекеме маманы бірақ мәселенің шешілуінің нақты мерзімін атап көрсетпеді. Тасбөгеттіктер болса жергілікті билік қоғамдық көлік мәселесін 30-шы наурызға дейін шешіп беруін талап етіп отыр. Себебі алдағы аптада балалардың  демалысы аяқталып, оқу тоқсаны басталмақ.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
19 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Әдеке
Әдеке
2 years ago

Айналындар-ау бәріңе де жетеді ғой, іштарлықты қойып, ол Саяхат халқын да түсіністікпен қарасаңдаршы..
Бейбіт заманда жоқ жерден дау шығарып не көрінді?
Ең бірінші әркімнің сөзіне еребермей, ішкі ниетті дұрыстайықта!

Аккен
Аккен
2 years ago

Баяғы 3, 20,19 маршрут жоқ. Ұят емес пе олар да адамдар. Саяхат районына маршрут қойылсын я 17я 11 маршрут

Светлана
Светлана
2 years ago

Саяхат мөлтек ауданының тұрғындарының жан айқайына шешім шығарған әкімдікке мыңда бір алғыс. Саяхат тұрғындары 11 маршрут кіріп қуанып қалды.

Болат
Болат
2 years ago

ТАСБУГЕТТЕН САЯХАТ МӨЛТЕК АУДАНЫНА УЛКЕН СИЫМДЫЛЫКТАҒЫ АВТОБУС КАТЫНАҒАНЫ ӨТЕ ОРЫНДЫ .ОСЫҒАН ДЕЙІН ШЕШІМІН ТАБА АЛМАЙ КЕЛГЕН ТУЙІНДІ МӘСЕЛЕ ОҢЫНАН БОЛЫП САЯХАТ ТУРҒЫНДАРЫ ДƏН РИЗА

Айбек
Айбек
2 years ago

Саяхатта мүлде қоғамдық көлік жоқ десе болады. Жалғыз 10 маршрут бар. Ол жеке болғандықтан бірде бар бірде жоқ. Саяхаттықтар бармаған, арызданбаған жері жоқ. Амалсыз таксимен қатынайды. Балалары да аналары да. Тасбугетте маршрут мәселесі шешілген, көлік өте көп. Неге саяхатқа ең болмағанда бір қоғамдық көлік жүрмеуі керек. Тасбугеттіктердің наразылығы әбестік әрі дөрекі деп ойлаймын. Акимат дұрыс деп шешкен екен неге ол жақтағы бауырларымызды ойламай даурығамыз. Талапты басқаша сұрауға болады емеспе

Гулнара
Гулнара
2 years ago

Саламатсыздар ма Саяхат тургынымыз катынайтын 10маршурт кана косымша маршурт журсе димиз саяхаттын аяк жагында турамыз катынау киын кыстан такси мен жылы кундери лаждап маршуртпен катынадык барлыгымыз бир казакпыз оздеринизди адамдар жандарыныз ашысын да жумыстан талай кешигип барып журдик маршурттын жоктыгынан 11маршурт журсин
Уакытша болсада болмаса баска маршурт берсин

Last edited 2 years ago by Гулнара
АЙГУЛ
АЙГУЛ
2 years ago

Саяхат молтек ауданында осы бир маршрут маселеси жыр болды ,кыста балаларга киын мектепке катынау сагаттап туру бала тугел улкен адамга киынгой.3-4 кун шамасынан бери 11 маршрут автобусты косканына куанып калып едик козимиз ашылып ,енди оныда тасбугет кентинин арыз койлары жургизбеймиз деп жатыр обл Аким осы маселени колга алса екен деймиз

Гулнара
Гулнара
2 years ago

Саяхат мөлтек ауданыны тұрғындарының атынан Өтініш . Осы өтінішіміз арқылы сізден Саяхат мөлтек ауданында маршрут мәселесі біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі. Қыстың күні балаларымыз суықта маршрутты сағаттап тоңып күтіп тұрады, арамызда қарт кісілерде бар , күнде таксиге мінуге халықтың қалтасы көтере бермейді .Осындай 21 ғасырда қалалық жерде тұрып ,маршрут тапшы дегенге ешкім сенбейді.Халықтың өтінішін жерге қалдырмай, жанайқайын жақын арада шешіп берсеңіздер деген өтінішіміз бар .

Bula Abitaev
Bula Abitaev
2 years ago

Саяхат мөлтек ауданына үлкен автобустар қойылсын.Саяхаттың тұрғындарыда көп қазір,мектеп жұмыс бар дегендей қарапайым халықтыңда жағдайын жасау керекқой

Гульнара
Гульнара
2 years ago

Саяхат молтек ауданы 15 жылдан бери қиналп келе жатыр осы маршруттан..акимдиктегилер бир бирине ысыра бермей маселени шешиниздер..

Жаңа Қазақстан
Жаңа Қазақстан
2 years ago

Мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, студенттер, оқушылар саяхатта да бар! Жетісіп жүрген ешкім жоқ! Маршрутты еріккеннен жырлап жүргеніміз жоқ! Жауаптылар шеше алмаса, тоқтап қалмаймыз. Жауаптылардың үстінен арыз түсіреміз қажет болса!

Гульзира
Гульзира
2 years ago

Саяхат тургындары мен Саулет мөлтек тұрғындары 11марш.автобустың Айдосов пен С.Бейбарыс көше арқылы журип өтуіне турғындар дән риза.Себебі бұл мөлтек аудан арқылы қатынайтын жалғыз улкен сиымдылықты автобус.Қала әкімдігіне осы өзгертілген сызбасының нұсқасымен толықтай келісеміз және әрі қарай тұрақты түрде халық суранысына қарай қалдыруыңызды талап етеміз.Лайым көпшілік сұранысы орындалса игі.

Айдана
Айдана
2 years ago

Саясаттан 11маршурт бағытты берілгеніне ризамыз балаларымыз да емін еркін баратын жерінде барып жүр өте ыңғайлы қоғамдық көлік

Нурсауле Бауыржановна
Нурсауле Бауыржановна
2 years ago

Бул 11 маршруттың бағытын өте дурыс өзгерткен. Бул озгериске тек Саяхат емес, Сәулет м/а, С.Бейбарыста орналасқан көп кабатты уйлердин де тургындары дән риза. Тапкан айлыгымыз таксиден артылмайтын еди, автобуспен катынап жаксы болып калдык. Халықтың жан айтайын естип, оң нәтиже шығарған құзырлы органдарға мың алғыс. Тек осы бағыт туракты түрде бекітілсе.

Актоты
Актоты
2 years ago

Саяхат мөлтек ауданына да маршрут керек қыста балалар тоңып далада маршрут күтеді қарттар да күтеді оны кім шешеді барлығының жағдайы таксиге жете бермейді қарапайым халыққа бір маршрут қоюға басшылар атсалыссын бізге саяхат тұрғындарына 11ши маршрутты қоюларыңызды сураимыз

Сауле
Сауле
2 years ago

Саяхат мөлтек ауданына 11 маршрут жүріп қуанып қалдық. Неше жылдан бері қиналып келе жатырмыз. Мектептен балаларымыз қайталмай талай далада қалып қойған кездеріміз бар. Қайта құдайына қараған кісілер таксимен балаларымызды уйге жеткізетін.Жұмыстан кейін қайталмай таксимен жүрдік.
Айналайын акимат жұмысшылары осы 11 маршрут біздің Саяхатқа бекітілсін. Қанша халықтың ризашылығын аласыздар. Рахмет.

Гоха
Гоха
2 years ago

Бізде тек саяхат емес Бейбарыс көшесіде байланысты, сондықтан бізгеде 11 автобус керек. Біздеде қанша халық бар, жан айқайын тыңдауы керек. Жалғыз Тасбөгеттің ғана жағдайы жасалмай басқағада мән берілу керек.

ЖАНКА
ЖАНКА
2 years ago

Саяхат мөлтек ауданының тұрғындарының атынан өтініш 11маршрут жүргелі жаксы болды деп куандык.Мен көп балалы анамын балдарым 101,мектепке барады .Қатынау өте қиындап кетті күнде такси акша болмағанда балдар жаяу кайтады . Баламыз ауырғанда полеклиникаға апару қиын..Айналайындар ау тасбөгет тұрғындары сіздерге бүкіл маршрут жүреді ғой . 11маршрут бізге бекітілсін. Неше жылдан бері қиналып кеттік

Абай
Абай
2 years ago

Саяхатта көлік жоқ, 10 маршрут қана, ол да тек жаңа базармен жүреді. Мұндағы халыққа обал емес пе? Тасбөгеттік халық тек неге өздерін ойлап отыр

19
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x