Тапсырма орындалмады. Қызылордада оқушылар даладағы дәретханаға баруға мәжбүр

Тапсырма орындалмады. Қызылордада оқушылар даладағы дәретханаға баруға мәжбүр

Қармақшы ауданындағы №105 білім ұясының балалары әлі күнге мектептің сыртында орналасқан әжетханаға шығады, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл жайлы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Ләззат Бақтыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ондағы видеодан оқушы қыздардың сабақ уақытында даладағы дәретханаға кіріп-шығып жүргені көрінеді. Ал желі қолданушысы мектеп және білім бөлімі басшыларының әлі күнге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындамай жүргенін жазған.

WhatsApp Image 2023 05 19 at 13.57.52 WhatsApp Image 2023 05 19 at 13.54.34

«Президент тапсырмасын тек мектеп басшысы емес, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы да орындаудан жалтарып келген десем қателеспеймін. Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы жағдай біздің басшыларға сабақ болмағаны өкінішті – ақ», – деп жазды ЛӘЗЗАТ БАҚТЫБАЕВА.

Бұл мәселеге байланысты Azattyq.news тілішлері білім бөлімінің басшысына хабарласып көрді. Оның айтуынша, аудандағы барлық білім ұяларында  ішкі әжетхана қарастырылған. Сондай-ақ аулада орналасқан дәретханаларды түгел бұзу үшін қомақты қаражат керек дейді. Ал аталған мектептің оқушылары неліктен сырттағы әжетханаға барып жүргенін басшының өзі де білмей отыр.

«Ол әжетхананың неге ашық тұрғанын білмедім. Бірақ ішкі дәретханасы бар. Оның үстіне №105 мектептің ғимараты апатты жағдайда тұр. Мүмкін ішінде бір жағдайлар болғасын, сыртқы әжетхананы ашып қойған болар», деп жауап берді бөлім басшысы ГҮЛЗИРА МӘЖИТҚЫЗЫ.

Айта кету керек, Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болған уақытта елдегі барлық білім ұяларының сыртындағы әжетханаларды ғимарат ішіне ауыстыруға тапсырма берген. Өйткені мектептердегі бұзақылықтың көбі сол маңда болатыны белгілі. Ал тапсырма бойынша 2021 жылдың 1-қыркүйегіне дейін мәселе түбегейлі шешілуі тиіс еді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x