Тамақ ішінен телефон табылды

WhatsApp Image 2022 04 22 at 10.23.13

Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем – сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына  бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған  азамат ұсталды.  Ол тергеу изоляторында қамауда отырған 28 жастағы танысына палау әкелген. Сәлем-сауқаттарын тексеру барысында тамақтың ішінен үш ұялы телефон, 1 дана қуаттағыш және сим-картасы мекеме қызметкерлерімен тыйым салынған зат тәркіленді. Айыпталушы бұрын осы мекемеде жазасын өтеп шыққаны белгілі болды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x