Талант бар да таныс жоқ

103

Электр энергиясын өндірудің тиімді жолын ойлап тапқан өнертапқыш елімізде қолдау таппай отыр. Қызылорда қаласының тұрғыны Марат Палмахов автономды генератор жобасымен айналысқанына 7 жыл уақыт болыпты. Құрылғының әлем бойынша аналогы жоқ екенін тіпті шетелдіктер мойындап, патент берген. Жобаны жүзеге асыру үшін өнерпаздың 22 миллион теңгеден астам өз қаржысы жұмсалған.  

Марат Палмахов мәңгілік қозғалтқышты ойлап табу жобасымен мектеп кезінен әуестенген.  Алғашқыда магниттік қозғалтқыш жобасымен танысқан ол бұл құрылғының пайдасынан адамзатқа зияны көп екенін аңғарыпты. Жеті жыл ішінде көптеген сынақтар жүргізілген екен. Тиісті нәтижеге жету үшін 43 құрастыру жұмыстары жүзеге асыпты.

102

– Тауда ағып жатқан бұлақтарды байқадым. Бұл әдіс маған ұнап осыны қолдандым. Неге өзеннің күшін пайдаланбасқа деген ой келді. Осы технологияны пайдаланып көргенімде барлығы істеп кетті – дейді Марат Палмахов.

104

Жобаның іске асқанын көріп қуанған өнертапқыш өзінін құрылғысын паттентеуге өтінім берген. Алғашқыда ТМД елдері, содан соң бүкіл әлем бойынша тексерулерден өткен соң Марат Палмаховқа өнертабысқа патент беріліпті. Дегенімен қазір бұл жоба тоқтап тұр.

105

– Шетелден ұсыныс келіп түсті. Кел, ақшаны береміз, істе деді. Олар бұл жобаның болашағы бар дейді. Мен бірақ өзіміздің мемлекетімізді дамытқым келеді. Ғалымдарымыз шетелге кетеді дейді. Мен өзімізде жасалса екен бұл жоба деп ойлаймын. Қазақстанда біраз жерге бардым, инвесторлардың барлығы тек арқадан қағып шығарып салады – дейді Марат Палмахов.

106

Осылайша жоба елімізде мойындалмапты. Шетелдік ғылыми зерттеу институттары шақыру жіберіп, Марат Палмаховтың өнертабысына таласып жатса, біздікілер тіптен кірпік қағар емес. Қызылордалық өнерпаз үкіметтен қолдау болмаса ең болмаса кәсіпкерлер бұл жобаға бет бұрса, бұл құрылғыны көп салада қолдануға мүмкіндік болар еді деп армандайды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x