Сырдарияның суы тұрғын үйлердің іргесіне жетті

WhatsApp Image 2023 03 03 at 16.39.22

Ағын су қала іргесіндегі Талсуат ауылының ішіндегі бірнеше жылдан бері құрғап қалған арнаны толтырып,  ернеуінен асты. Ал тұрғындар тасқынның ортасында қаламыз ба деп таңнан бері үрей құшағында отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары өзеннен төнген қауіп әлі сейілмеді деп дабыл қағуда, деп хабарлайды «AzattyqNews» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 03 03 at 16.39.23

Талсуат ауылындағы мына арнаға су келмегеніне бірнеше жыл болған. Құрғап қалған канал бүгін таңнан бері тола бастапты. Ағыны қатты өзен суы арнаны толтырып, тіпті бірер сағаттың ішінде іргесіндегі үйдің ауласына жайылып кетті дейді тұрғындар.

“Алаң болады ғой. Өйткені елді-мекен дариядан төмен тұр. Ар жақта дачный жерлер бар. Дача совсем төмен”, –  дейді АЙЖІГІТ ЕРНИЯЗОВ, ТАЛСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

WhatsApp Image 2023 03 03 at 16.39.23 1

Жығылғанға жұдырық болғандай, арнадағы суды бөгеуге келген төтенше жағдайлар департаментінің техникасы да батпақтан шыға алмай қалды. Содан үрейленген көпшілік мамандармен бірлесіп, бөгет салуға өздері де кірісті. Ауылдықтар мұндай қауіп жайлы алдын ала ешкім ескертпеді деп ашулы. Сондықтан құрғап қалған арнаны бөгеп үлгермедік дейді.

WhatsApp Image 2023 03 03 at 16.39.21

“Сіз бәрі тамаша деп жатырсыз. Мына жағы тамаша емес. Жай ана жерді жауып тастадыңыз содан су тоқтап тұр. бірақ ол жер ашылып кетсе мына жерді су алады”, -деп ашуланады ауыл тұрғыны

Жауапты департамент өкілдерінің айтуынша жалпы өзен бойындағы 29 аумақ аса қауіпті жағдайда. Әсіресе қазіргі сең жүру кезінде  осы осал тұстардағы бөгеттерді күшейту жұмыстарымен айналысып жатырмыз дейді.

“Қауіп жоқ деп біз айта алмаймыз. Табитғаттың заңдылығы. Қауіпті аймақтардың барлығына түсіндірме парақтары таратылды. Сонымен қатар фазендада орналасқан жерлер бар. Малдарды қауіпсіз аймақтарға шығарып қою”, – дейді НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір қызыл су ауыл іргесіндегі жайылымды басып қалған. Тіпті тұрғын үйлердің дәл маңына жеткен.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x