Сот шешімі бізді аш қалдырмақ!

Бүгін Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылының тұрғындары облыстық сотқа келді. Айтуларынша ауылдағы жер дауы екі жылдан бері шешімін таппай келеді екен. Былтырғы жылы 76 үлескер өз жерлерін алып, шаруақожалықтан шықпақшы болған.  Аудан әкімдігі шаруаларды қолдап, шешім шығарып берген. Барлық проблема осыдан басталыпты. Ақсуда  11 жылдан бері егінмен айналысып келе жатқан шаруақожалық жергілікті биліктің шығарған шешіміне қарсылық білдіріп, сотқа арызданыпты. Фемида өкілдері қаңтардан бастап істі қарап, процесті сәуірде қорытындылап үкім шығарған. Онда  Жалағаш ауданы әкімінің жерді беру шешімінің күші жойылсын делінген екен. Осының салдарынан ауылда әлі күнге дейін егін егу жұмыстары басталмай отыр.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x