Шенеуніктер сөгіс алды!

WhatsApp Image 2022 11 09 at 09.54.52 1

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта 10 ай ішіндегі бюджеттің игерілу барысы мен еңбек көрсеткіштерін саралап, шенеуніктердің жұмысын сынға алды.

Аймақ басшысы бөлінген қаржыны уақытылы игеруде бірқатар ауданда жұмыс баяу жүретінін сөз етті. Мәселен, Арал, Қармақшы, Жалағаш және Жаңақорған аудандары тиісті көрсеткішке толыққанды қол жеткізе алмауда. Ал, басқармалар бойынша білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары тарапынан қаражат толық игерілмеген.

WhatsApp Image 2022 11 09 at 09.54.51

Сол себепті Нұрлыбек Нәлібаев  жұмысты уақытылы үйлестіре алмаған Қармақшы ауданы әкімі Әділбек Ерсұлтанов пен оның орынбасарына сөгіс жариялады.

Облыс әкімі қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктерді сатып алу процестерінің баяу жүруін сынға алды. Осы кезге дейін алынуы тиіс 150 қоғамдық көліктің тек 60-ы ғана әкелінген. Бұған дейін де тапсырма ретінде берілген автовокзал салу жұмыстарына инвестор табу мәселесі де шешімін таппай тұр. Өңір басшысы өзекті мәселелерді өз уақытында орындай алмағаны үшін орынбасары Мархабат Жайымбетовке қатаң ескертіп, қала әкімі Асылбек Шәменовке және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев пен энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетовке сөгіс жариялады.

WhatsApp Image 2022 11 09 at 09.54.52

– Мархабат Жайымбетұлы, Сіз қаланың кураторы ретінде тапсырылған жұмыстың сапалы аяқталуына тікелей жауаптысыз! Аймақ басшысы болып келген сәттен бастап қоғамдық көлік жеткіліксіздігін алға тартып, қажетті қаражат та бөлдім. Содан бері 7 ай болды ғой, жұмысты үйлестіре алмай келесіздер. Халыққа уәде етілген мәселе уақытылы орындалуы керек. Сылбыр қимылдайсыздар. Қаржысы шешілген бойда нақты әрекет-амалдарын қарастыру Сіздердің міндеттеріңіз. Өкінішке қарай, жұмыс көңіл көншітпейді. 20 қарашаға дейін кемшіліктеріңізді түзеп, нақты жұмыс істеңіздер,- деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Отырыста Байқоңыр қаласының мәселесі де шет қалмады. Мұнда 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылыстарының жұмысы баяу жүргізілуде. Облыс әкімі тұрғын үйлерді салу іркіліссіз жүруі қажет екенін қаперге салып, өз орынбасары Қайрат Нұртай мен аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановқа жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуына баса мән беру керектігін тапсырды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x