Шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінуде

959 scaled

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын тексерген Ақтөбе облысының прокуратурасы кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалымен «Сыбаға» және «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берілген. Алайда 3 шаруашылықпен ірі қара малдары сатып алынбай, жалпы сомасы 189,5 млн. теңге несие қаражаты басқа мақсаттарға жұмсалған.

– Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар Экономикалық тергеу департаментіне  жіберілді. Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша 1 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша тергеу жүргізілуде. – деп мәлімдеді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x