Қызылорданың болашағы қандай?

20220224 101321.mp4.Still003

Соңғы жылдары Сырдария өзенінің арнасы тартылып, Қызылорда облысының экологиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайын едәуір қиындатуда. Салдары көлдердің құрғауы мен табиғи мал азығының төмендеуіне әкелді. Бүгінде су шаруашылығы мамандарының болжамы көңіл көншітпей отыр.

Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы Өңірлік коммуникация қызметінің ұйымдастыруымен өткен жиында Сырдарияның су деңгейі сөз етілді. Басты мәселе Сыр өңіріндегі биылғы егістік науқанының жағдайы. Су шаруашылығы мамандары қазірден бастап диқандарды суды үнемдеуге шақырды.

20220224 101321.mp4.Still004

 – Шаруаның қаншалықты егетіні, қыстартуды айтпаймыз. Оған суды бөліп береміз, екі облысқа бірдей пайыздық көрсеткішпен бөлеміз. Қызылорда облысынан  10 % қыстартатын болсақ, Түркістан облысынан да 10 % қысқартамыз. Ал жеткізу ол енді егіншілердің суды үнемдеп пайдалана ма соған байланысты – деді Сейітхан Абуов, “Сырдария бассейндік инспекциясы” РММ-нің бөлім басшысы.

“ҚАЗСУШАР” РМК Қызылорда облыстық филалы директорының орынбасары Ерназар Жорабеков болса екі облысқа су теңдей бөлінеді дегенге келіспей отыр. Шенеуніктің айтуынша Шардараға келетін судың көп мөлшері Оңтүстікке қалып жатқан көрінеді.

5,2 млрдтан өзінің Шардара су қоймасында қалатын 1 млрд, одан Қызылқұм каналы алатын 1 млрд, одан Достық каналына, Мақтаарал, Жетісай аудандарына беретін суымыз 600-800 млн осы кезде, көрдіңіз ба қаншама cу кетіп жатыр. Осының бәрін есептесек бізде қалатыны ештеңе жоқ – деді Ерназар Шаршыбекұлы, “ҚАЗСУШАР” РМК Қызылорда облыстық филалы директорының орынбасары.

20220224 101321.mp4.Still005

Қоршаған орта және Арал төңірегіндегі халықтың денсаулығын қорғау орталығы болса Сырдарияның тартылуы Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына кері ықпал етіп, аурулар көрсеткіші жоғарылайды деп отыр.

20220224 101321.mp4.Still001

– Сырдарияның тартылуы адамзат үшін ауыр жағдай. Аралдың жағдайын жақсы білесіздер. Соңғы 15 жылдан бері өзендердің тартылуы, оның тұрғындарға әсерін зерттеп келеміз. Қорытынды адам шошырлық. Аймағымызда тыныс алу, қан аздық, бүйрек ауруларына шалдыққан науқастар жылдан жылға көбейіп келеді. – дейді Смағұл Сейітов, Қоршаған орта және Арал төңірегіндегі халықтың денсаулығын қорғау орталығының директоры.

20220224 101321.mp4.Still006

Су тапшылығы қарапайым шаруаларды да қатты мазалап отыр. Биыл биікте тұрған егістік алқаптарына су мүлдем келмеуі мүмкін дегенді естіген диқандар не істерлерін білмей дал.

20220224 094827.mp4.Still003

– Біздің Қазақстанның сумен қамтамасыз етуінде 88 пайызы каналмен жасалған екен жер. Оның барлығы сініп кетеді. Беріп отырған судың 42 пайызы жоғалады екен. Ол дегеніміз Кіші Арал. Жылына бір Кіші Аралды жоғалтамыз. Суды жеткізу бойынша біз жаңа форматқа көшуіміз керек. – дейді Алмасбек Садырбаев, “Шопан Ата” Ұлттың мал өсіру қауымдастығының төрағасы.

WhatsApp Image 2022 03 16 at 17.22.44

Ақпан айында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Өзбекстанға жұмыс сапары аясында Шавкат Мирзиеевпен кездескен болатын. Сол кезде басқа да өзекті мәселелерден бөлек Сырдария өзенінің жағдайыда сөз етілген. Қызылорда облысының су тапшылығының алдын алу мақсатында бірінші кезектегі 65 жобаларға Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 3,6 млрд.теңге бөлуге ҚР Қаржы Министрлігінен келісім алынды. Бүгінгі күні, Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігімен бірлесіп Үкіметтің қаулысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бөлінген қаржыға  канал тазалау, ұңғымаларды бұрғылау секілді жұмыстар атқарылады деп жоспарлануда.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x