Қызылордалық шенеуніктер 400-ге жуық қызметкерді сыйақысыз қалдырды

WhatsApp Image 2022 12 21 at 14.59.25

Қызылорда қаласында ақыл-есінде ауытқуы бар азаматтарға қызмет көрсететін орталықта шу шықты, деп хабарлайды “Azattyq-News”  Ақпараттық агенттігі.

Жыл соңында үнемделген 35 млн теңгедей қаражат жұмысшыларға он екі айдың қорытындысымен сыйақы ретінде берілуі керек болған. Алайда жауапты басқарманың басшылары қомақты соманы облыстық бюджетке қайтарып беріпті. Шенділердің бұл шешімі қызметкерлердің ашу-ызасын тудырды.

WhatsApp Image 2022 12 21 at 14.59.24

Бүгін тиісті сыйақымызды берсін деп талап қойған қызметкерлер орталықта жиналды. Айтуларынша олар соңғы 5 жылдан бері бірде-бір рет сыйақы алмапты. Биыл мекеменің бюджетіндегі 35 млн теңге барлық қызметкерге сыйақы ретінде тағайындалу керек болған көрінеді. Жаңа жыл алдында өз жұмысшыларын қуантудың орнына алайда басшылық басқа шешім шығарыпты.

WhatsApp Image 2022 12 21 at 15.07.21

-12 желтоқсан күнгі келеңсіз жағдайға байланысты басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев келіп, басшымызды сол күні ауыстырып, жауапты қызметкерлердің бәрін жұмыстан шығарды сол күні. Сөйтті де бізге айтты. Осы жағдайға байланысты осы жылы ешқайсыңа премияльный берілмейді деді. – дейді СВЕТА ҮДЕРБАЕВА, №2 арнаулы әлеуметтік орталықтың қызметкері.

12-желтоқсан күні осы орталықтан қызмет алатын науқас түн ортасында шығып кетіп, мәйіті темір жолдың бойынан табылған көрінеді. Бұл үшін жауаптылардың барлығы да жұмыстарынан босатылыпты. Тіпті қылмыстық іс те қозғалған. Енді сол оқиғаны желеу еткен басшылар кінәлі бірнеше адамның кесірінен бүкіл қызметкерлерді сыйақыдан айырып отыр.

WhatsApp Image 2022 12 21 at 15.07.22 1

– Өзіне тиесілі жазаларын алып кетті ғой. Енді қалған қара халықтың не кінәләрі бар. Жұмысымыз ауырына ауыр. Өте қиын жағдай. – дейді ГҮЛСІМ НҰРБАЙҚЫЗЫ, №2 арнаулы әлеуметтік орталықтың мұғалімі

Жауапты басқарманың басшысы барлығын сыйақыдан айырғанын растады. Ол осылайша жазалауды жөн көріпті.

WhatsApp Image 2022 12 21 at 15.07.22

– Мен де қайтарғанды жөн көрдім. Өйткені жаңағыдай жағдай орын алып жатқанда сыйақы алып, мәз болатын көрсеткіші жоқ. – дейді ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ, Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Басшылықтың мұндай шешімімен орталықтың қызметкерлері толықтай келіспейді. Ақыл-есінде ауытқуы бар азаматтарға қызмет көрсетудің ауыртпашылығын сезініп жүрген мекеменің ұжымы  енді президент Қасым-Жомарт Тоқаевақа шағымданамыз деп отыр.

Бөлісу:

5 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x