Қызылордалық шенділер көмір тапшылығына ауа-райын кінәлап отыр.

.mpg.Still004

Сыр өңірінде көмір тапшылығы орын алып отыр. Облыс орталығына жақын  Сырдария, Шиелі аудандарынан  келген тұрғындар 3-күннен бері қатты отынға қол жеткізе алмай отырғандарын айтып налиды. Айтуларынша баға да шарықтапты. Былтырғы жылы Шұбаркөл көмірін тұрғындар 13 мың 500 теңгеден алса биылғы баға 17-20 мың аралығында, деп хабарлайды “Azattyq-News” ақпараттық агенттігі.

 Қызылорда облысында барлығы 34 көмір сату орны болса оның үшеуі Қызылорда қаласына тиесілі екен. Алайда нақты жұмыс жасап тұрған тек біреуі, оның өзіне бүгін қоймаға тек 4-ақ вагон отын келіпті. Баршаға мәлім қалаға жақын орналасқан аудан тұрғындары Қызылордаға келуге мәжбүр. Тұрғындар қоймаға келіп, бірден көмірді сатып алу мүмкін еместігін алға тартады.

.mpg.Still001

– Көмір жоқ! Барып көріңіздер. Үш күн болды келіп жатқаныма.  Таусылып қалды дейді, 3 вагон келді таусылып қалды – дейді РҮСТЕМБЕК ШАЙХИЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

.mpg.Still002

– Ана жаққа да бардым ол жақта да көмір жоқ. Үш күн болды сандалып жүргеніме, көмірге келеміз кетеміз жоқ. Алады, оптом тиейді. Аллаху әхбар, көмір жоқ! – дейді АЙДАРБЕК ТАЙЫМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қызылорда облысының энергетика басқармасы болса орын алған жағдайға ауа-райы кінәлі дейді. Шенділер биылғы қыста тұтынушылар 176 мың тонна көмір жағады деп межелеп, осындай мөлшерге ғана тапсырыс беріпті. Алайда қызылордалықтар бұл көрсеткішті желтоқсан айында орындап тастаған. Қосымша көмірге тапсырыс берген энергетиктер бірқатар қиындықтарға тап болыпты.

.mpg.Still003

– Қыс былтырғыдан, одан алдынғы жылдардан қарағанда едәуір суық биыл. Соған байланысты қажеттілік өсіп отыр. Қаңтар айында теміржолдың вагондарының көбісі жергілікті жылу орталықтары көмірмен жұмыс жасайтын аймақтарға көптеп берілуде. Соған байланысты енді бізде жылу орталығы газға өтуіне байланысты қазіргі таңда енді кезек-кезегімен темір жол көлігі әлеуметтік сала объектілерімен мен тұрғындарға кезегімен берілуде. Мысалы Қызылорда қаласына бүгін 4 вагон келді. – дейді РУСЛАН НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бөлісу:

4.8 5 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x