Қызылордада тұрғындар жаңа электр желілерінің игілігін көре алмай отыр

Қызылордада тұрғындар жаңа электр желілерінің игілігін көре алмай отыр

Арай шұғыла шағын ауданындағы тоқ желілерін жаңартуға былтыр бюджеттен 90 миллион теңге бөлінген. Бірақ жұмыс аяқсыз қалды деп ашулы көпшілік, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 05 23 at 18.49.22

Расымен, бұл шағын ауданды қала тұрғындары “арал” деп атап кеткелі біршама уақыт болды. Мұндағылар кеш қарайса шағын ауданда тіршілік бірден тоқтайды дейді. Өйткені электр желілері әбден тозған көрінеді. Соның кесірінен тас қараңғыда қалған кездері көп. Жарықсыз күндері оқушылар сабақтарын оқи алмай,  өздері тұрмыстық техникаларды тоққа қоса алмай әлекке түсетіндерін айтады.

WhatsApp Image 2023 05 23 at 18.49.23

“Кеш батса, қараңғы. Баяғы шаммен отырғандай. Жиі свет сөніп қалады. Свет сөнгенде холодильнигімізді, телевизорымызды өшіріп қоямыз жанып кете ме деп қорыққаннан”, – дейді тұрғын ЖҰПАР ҮМБЕТБАЕВА

WhatsApp Image 2023 05 23 at 18.49.25

Бұл ауданға былтыр жаңа бағаналар орнатылып, электр желілері тартылған. Бірақ мердігерлер жұмысты толық аяқтамай, біраз үйге тоқ жалғанбапты. Ал мәселені әкімге де, жауаптыларға да айтуымыздың кемі жоқ дейді тұрғындар. Айтуларынша басталған істі аяқтаймыз деген шенеуніктердің уәделері аяқсыз қалып келеді. Сондықтан көпшіліктің сеніміне селкеу түскен.

“Қала әкіміне айттым апрель айында. Осындай болды, тағы да светіміз тоқтап қалды ешқандай қозғалыс жоқ деп. Әкім бір аптаның көлемінде істеп береміз деді. Апрельде айтқан, қазір майдың аяғы болды әлі қозғалыс жоқ. Қала әкіміне де, басшыларға да ешқандай сенбеймін”, – дейді тұрғын ТАЛҒАТ ТӨЛЕГЕНОВ

Ал әкімдік өкілдері желілерді жаңартуға бюджеттен 90 миллион теңге жұмсалғанын айтады. Бұл жұмыс былтыр аяқталу керек болған. Бірақ мердігер жұмысын жарты жолдан қалдырып, ақыры соңы сот арқылы міндеттеп жасатып жатырмыз дейді. Айтуларынша ендігі жұмыс қалған баспаналарға электр сымдарын тартып беру.

“Қазір 72 үй ғана қалып тұр. Қалған үйлердің барлығына счетчиктері сыртқа шығарылып тартып берілді. Осы он күндікте толығымен аяқталатын болады”, дейді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ

Әкімнің орынбасары осы жолы мәселе толық шешіледі деп сендірді. Ал тұрғындар бюджеті бөлініп тұрса да, жұмысты созбалаңға салған шенеуніктерге қапалы.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x