Қызылордада сұйытылған газ тапшылығы

S3980001.MP4.Still005

Аймақта бір аптадан аса жанар-жағар май құю бекеттерінде көгілдір отын жоқ. Тек кейбір жерде сұйытылған газ таллондармен не болмаса аз мөлшерде беріліп жатқан көрінеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

 Автокөлік иелері аудандарды айтпағанда облыс орталығының өзінен газ табу оңай шаруа емес деп налиды. Облыс орталығында 25 сұйытылған газ құю бекеті болса бүгінде оның тек бір-екеуі ғана жұмыс жасап тұр. Онда да кезектің машиналардың саны 10-нан асып жығылады.

S3980001.MP4.Still003

– Талонмен беріп жатыр енді, оны қайдан алатынын да білмейміз. Ақшаға берген жерге келіп тұрамыз. Кезекте 40 минуттай болды тұрғаныма. Онда да 2000 теңгеге ғана құйып жатыр дейді,  көреміз енді. – дейді ҒАЗИЗ БЕКТҰРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3980001.MP4.Still002

– Жолда жүрген адамбыз. Мен мысалыға Шымкенттен келгенмін. Енді қайтайын десем 2000 теңгеге ғана құямын дейді. Мен не істеймін? Халықтың жағдайын қашан ойлайтын болады? Үлкенде отырғандар қашан шешеді? – дейді ДІНМҰХАММЕД АСАНОВ, ОҚО ТҰРҒЫНЫ.

S3980001.MP4.Still006

Осыған орай бүгін облыс әкімдігінде брифинг өтті. Газ тапшылығын шенділер өздігінше түсіндірді.  Айтуларынша мұнай өндеумен айналысатын мекемеде техникалық ақаулар орын алыпты. Ашып айтсақ газ өндейтін екі қондырғының біреуі істен шығыпты.

S3980001.MP4.Still001

– УПГ-1 мен УПГ-2. Сол УПГ-1-де қазір толық жұмыс тоқтады. УПГ-2-нің қуааттылығы аздау. Біріншісі оның қуаттылығы 6 мың тоннаға дейін  өндіретін еді. Қазір екіншісі 4800-ден артық өндіре алмайды. – дейді СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Аймаққа қажетті қалған сұйытылған газға шенділер көрші Батыс Қазақстаннан тапсырыс беріпті. Көгілдір отын бір-екі күнде қалаға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Ал оның бағасы болса Қызылорданың бағасынан тым қыбаттырақ болатын көрінеді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x