Қызылордада қайтыс болған азамат сотта айыпталып жатыр

S3500001.MP4.Still006

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жігітке жаппай тәртіпсіздікке қатысу, қару қолданып ғимараттарға шабуыл жасау және билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету баптары бойынша айып тағылған. Марқұмның туыстары болса тағылған айыптарға келіспейтіндерін айтады, деп  хабарлайды, «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

S3500001.MP4.Still003

31 жастағы Фархат Омаров 4-ші қаңтар күні «Магнум» сауда үйінің қасында өткен бейбіт шеруге шыққан. Ел бойынша бағаның шарықтауына қарсылық білдірген белсенді ертеңгі күні де қалада болып жатқан шеруге шыққан. Баласынан 10 сағаттан аса хабар болмаған соң өз-өзін қоярға жер таппаған Фархаттың анасы сол күні шаһарды шарлап оны іздеген. Баласының мәйітін сол күні түнде облыстық көпбейінді ауруханадан тауыпты.

S3500001.MP4.Still001

-Облыстық көпбейінді ауруханада бір ұзын бала келіп суретін көрсетті. –Апа, осы бала ма?-деді. Қарасақ Фархаттың көзі жұмылып тұр екен. Мен ойладым ол тірі екен деп. Үлкен ұлым маған қайта бер деді қазір Фархатты үйге апарамын деп. Артынша үйге баламның мәйітін алып келді.-дейді БИБІГҮЛ АЛИШЕВА, ФАРХАТ ОМАРОВТЫҢ АНАСЫ.

S3500001.MP4.Still005

Ұлынан айрылып, қабырғасы қайысқан ана барлық жамандық мұнымен бітпегендігін айтады. Құзырлы органдар ауруханадан Фархаттың мәйітін алған үлкен ұлын тергеуге алыпты. Ал мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын өзіне арызыңды қайтып ал деп те қысым көрсеткен көрінеді. Сот проценсінде Фархат Омаровқа жол сақшысына оқ жаудырды деп айып тағылған екен. Марқұмның анасы бұл істе гәп көп дегенді айтады.

S3500001.MP4.Still002

-Бес ГАИ осы Қызылорда қаласындағы Қаңтар оқиғасында қайтыс болған марқұмдардың барлық ісінде жүр. Менен басқа да істерде куә болып жүр. Олардың айтуы бойынша, Фархат келіп қасында баланың айтуымен ат дегенге атыпты, Естаев құлады дейді. Біреулері әрі қарай сүйреп бара жатқанын көрдік дейді,біреулері көрген жоқпыз дейді. Барлығын жауабы бірдей, үтір-нүктесіндей жаттанды. Ешқандай дәлелдеме, бейнетаспа жоқ. Қойылған статьяларға біз келіспейміз!- дейді БИБІГҮЛ АЛИШЕВА, ФАРХАТ ОМАРОВТЫҢ АНАСЫ.

Ал марқұмның ісіне байланысты сот процестері басталғанын  облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер растады. Олардың мәліметінше, бұл қылмысқа байланысты бірнеше азаматқа айып тағылған. Марқұм Фархат Омаров та солардың бірі дейді. Бірақ жас жігіт қайтыс болса да, оған қатысты істің неліктен бұған дейін қысқартылмағанын дөп басып айтпады.Толық ақпаратты соттың шешімінен соң беретіндерін жеткізді.

 

Бөлісу:

3.5 6 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Алибек
Алибек
1 year ago

Адилдик жасасын, негизи актау керек. Жатқан мазаламасын

Гулсим
Гулсим
11 months ago

Маркум жаксы бала болатын. Алеуметтик желиден коп коретин едим. Группаданда жаксылыктарын окитын едим. Апкесиде сондай жаксы жанашыр жан. Фархад булай жасайды дегенге мулдем сенбеймин. Кайтыс болган адамга тыныштык берилуи керек. Сол котерилиске кара халыкты биликтин ози жеткизди. Сол окигага катыскан канша тири адамдар жур. Сойте тура жазыксыз, киналисиздер, каза тапкандар киналанып айып аркалап отыр. Жана Казакстан, адилетти Казакстан дегендери кайда. Тауелсиздик алсакта бирак тауелди болып журмиз.

2
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x