Қызылордада қайтарымсыз грант жобасының соңы үлкен дауға ұласты

00000.MTS .Still001

 “Бизнестің жол картасы-2025” мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер атанбақ болған жандар бірқатар қиындықтарға тап болыпты. Атап айтсақ, олардың комиссия мүшелерінің іс-әрекетіне көңілдері  толмай отыр. Бизнес-жоспарымызды тыңдап, қарамақ түгілі өзімізді мазақ қылды дейді жобаға қатысушылар. Мемлеткеттік бюджеттен тегін берілуге тиіс миллиондардан қағылғандар бүгін облыс әкімдігінің алдында жиналды. Қызылордалықтар бұл іске облыс әкімі – Нұрлыбек Нәлібаевтың араласуын талап етті.

 – Комиссия мүшелерін ауыстырып, біздің бизнес-жоспарларымызды қайта қарасын дейміз!

Қызылорда облысы әкімдігінің алдына жиналғандардың басты талабы осы. Мемлекеттен өз кәсібін ашпақ болып, инновациялық жобаларды ұсынған жандарға қайтарымсыз несие беріледі дегенді естіген 600 ден аса қызылордалықтар құжаттарын тапсырып, жобаларын қорғамақ болған екен. Электрондық сайтқа өз ұсыныстарын жолдаған олар комиссияға келгенде қиындықтарға тап болыпты. Болашақ кәсіп иелерін комиссия мүшелері толық тыңдамай, бірінен соң бірін құлатқан көрінеді.

00104.MTS .Still001

-Сіздің бизнесіңіз приоритетный секторға жатпайды, сізді вообще тыңдамаймыз деп ана жерде бизнес жобамды қорғауға  берілетін 3 минутты да маған бермеді. Менің сөздерімді тыңдамады, мен бизнес жопарымды қорғай алмадым. – дейді ТОЛҚЫНАЙ СЕЙІТХАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

00000.MTS .Still002

-Мына жерде запрашиваемая сумма 5 млн теңге одобренная сумма 5 млн теңге деп мақұлдаған да ал мына жағында таблицада балдарды есептеген кезде решением комиссии не одобрен деп 12,36 балл қойған. – дейді УМСИНАЙ ӘМІРХАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мұндай мысалдар жетерлік екен. Ал кейбіріне комиссия мүшелері сіздің жобаңыз инновацияға жатпайды деп қысқа қайырыпты.

00000.MTS .Still004

-Былтырда да дәл осындай жағдай болды Қызылорда облысында. Құрақ көрпеге 5 млн грант берілді деді. Құрақ көрпе көп қой, базарға барсаңыз екі жердің бір жарым жерінде әр метр сайын құрақ көрпе бар, бірақ сол жоба ұтты. Қызылордада жоқ нәрсені әкелдік біз. Халыққа тиімді жағынан, жұмыссыздарды жұмыспен қамту жағынан да. Сөйтіп барлығын тапсырған кезде комиссия мүшелері бізді 30-ақ секунд тыңдады. – дейді ТӨРЕБЕК ШАМШАДИНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

00000.MTS .Still005

-Мен кіргенде мысалы “болды-болды барлығын білеміз, просто түрлерінді көргіміз келді” деді. Сонда не түрлерімізді көруге шақырды ма бізді? Мен түсінбедім, прямой эфирден көргенімізде  это было страшно. Мен просто ұялдым. – дейді ЖАНАТ БАЙХАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Өкпесін айтып әкімдікке келгендерді облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы қабылдады. Жиынға комиссия мүшелері де қатысты. Олар болса жобаға қатысушылардың тым көп болғандығын сөз етті. Жеті жүзге жуық адамды межеленген 5 күнде толық тыңдап шығу мүмкін емес және қайтарымсыз гранттарды ол мемлекеттің кемшілігі дейді комиссия мүшелері.

00000.MTS .Still006

 – Барлығы 673 жоба болса соның тек 24 ғана өтеді. Бұл не деген сөз, яғни 24 адам ақшаға қол жеткізсе, қалған 649 адам ала алмайды. Олардың көңіл күйі қандай болмақ? Мен кәсіпкер ретінде бұл жобаны тиімсіз деп есептеймін. Кәсіпте қайтарымсыз деген ақша болмау керек. Бұл масылдықты тудырады. – дейді ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВ, ГРАНТ ИЕЛЕРІН АНЫҚТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Жиналғандар кәсіпкерлікті қолдау басқармасынан комиссия мүшелерін қайта тағайындауды сұрады.

00104.MTS .Still002

– Қазіргі таңда бұл қаулымен қабылданып бекітілген. Бұл комиссия жұмыс істеп тұр, өзгертілмейді. Ал заң бұзылған жағдайда сот арқылы қараса болады. Ол кезде де нақты дәлелдер болуы керек. – дейді МҰСА ҚАЛДАРБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

00000.MTS .Still007

Басқарма басшысы комиссия мүшесіне 11 адам кіргенін сөз етті. Оның үшеуі ғана мемлекеттік қызметкерлер болса,  қалғандары кәсіпкерлер екен. Биылға бөлінген грант мөлшері 120 млн теңгені құрап отыр.  Бұл бір жобаға 5 млн деп есептеген кезде ақшаға  тек 24 қатысушы қол жеткізеді деген сөз. Қорытындының шығуына бес күн қалғанын сөз еткен жобаға қатысушылар комиссия мүшелерін қайта  өзгертілсін деген талап қоюда. Сол себепті бұл іске Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың араласуын сұрап отыр.

Бөлісу:

1.3 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x