Қызылордада мектеп тапшылығы мәселесі қашан жойылатыны белгілі болды

WhatsApp Image 2023 12 22 at 16.17.05

Сыр өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 12 300 орындық 21 заманауи мектеп салынады. Биыл өңірімізде 10 мектептің құрылысы басталып кетті, қалған 11-і алдағы жылы бой көтереді деп жоспарлануда, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысында дарынды балаларды қолдау саясаты лайықты деңгейде жүзеге асырылып келеді. Шаһардың сол жағалауынан құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи Оқушылар сарайының құрылысы басталды.

WhatsApp Image 2023 12 22 at 15.57.40

Сонымен қатар биыл Қызылорда қаласында 600 орындық және Шиелі ауданында 250 орындық екі жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді.Жаңа оқу жылының басында облыс орталығындағы 4 мектептің жанынан 1 850 орынға арналған жаңа қосымша ғимараттар салынды. Балалардың қауіпсіз, жайлы тасымалмен қамтамасыз ету бағытында 30 жаңа автобус сатып алынды.

WhatsApp Image 2023 12 22 at 16.32.12

2023 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптарда оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сыныптардағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бала қауіпсіздігі – басты назарда. Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.

Биыл Сыр өрендерінің олимпиададағы жетістіктері үстем. Жүзден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанды. Облыстың пәндік олимпиадалық командасы жаратылыстану – математика бағытында республикада командалық есепте ІІ орынды, қоғамдық – гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленді.

Бөлісу:

4.3 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x