Қызылордаға меценаттар 38 млрд теңгеге жуық демеушілік жасады

WhatsApp Image 2023 12 22 at 13.31.02

Осы жылы өңірде демеушілер есебінен бірнеше ірі жоба жүзеге асып жатыр. Ол үшін кәсіпкерлер 37,5 миллиард теңге қаражат бөлген, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мәселен  Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Жоба құны 20 млрд теңгені құрайды. Оның 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен және жергілікті бюджеттен 4 млрд 300 млн теңге инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға (жылу, су, электр, және кәріз желілері, телефон, автожол, абаттандыру) бағытталды. Заманауи үлгідегі жаңа нысанның жалпы аумағы – 3,9 гектар. Жаңа терминалда жолаушыларға халықаралық стандартқа сай барлық жағдай қарастырылған. Жаңа терминал келер жылы пайдалануға беріледі.

Бұған қоса, қызылордалық кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба құны – 1 млрд теңгені құрайды. Ал жыл соңына дейін музыкалық колледж ғимаратының іргетасы қаланады. «Саутс-Ойл» компаниясының демеушілігімен тұрғызылатын жобаның құны – 4,8 млрд теңге.

WhatsApp Image 2023 12 22 at 15.14.51 1

«Қазақстан темір жолы» компаниясының қолдауымен және кәсіпкерлердің демеушілігімен құны 577 млн теңгеге Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Шаһарда меценат Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,7 млрд болатын «Анаға тағзым» орталығы ашылды.

Облыс орталығында 1,1 млрд теңгеге 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панелдермен жаңартылса, 1 млрд теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Сонымен қатар құны 1,6 млрд теңге болатын 80 балалар спорт-ойын алаңдары пайдалануға берілді. Облыс орталығынан бөлек жанашыр азаматтардың қолдауымен аудандар мен ауылдарда да тұрғындарға қажетті әлеуметтік, мәдени, спорт нысандар, заманауи демалыс саябақтары салынуда.

Бөлісу:

5 4 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x